- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру
Бүгін | 366 | |
Кеше | 721 | |
Бұл апта | 2507 | |
Өткен апта | 3161 | |
Бұл ай | 15056 | |
Өткен ай | 18641 | |
Барлығы | 1082942 |
Сіздің IP: 184.73.56.98
,
Қазір: 2024-03-29 14:48
“Аграрлық салада иновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы "
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің атынан Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы, Қалпанбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде өткен “Аграрлық салада иновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы " атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, "Жерге орналастыру" мамандығының білім алушысы Бакешова Анель "Үздік инновациялық тақырып" номинациясына, “Ветеринария”мамандығының білім алушысы Серікбайұлы Мағжан 2-ші орынға ие болды.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы
23.03.2024 18:46
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы- байырғы заманнан келе жатқан"көктемгі жаңғыру"мерекесі екені белгілі.Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Осы орайда мемлекет басшысының Жарлығымен биылғы жылдан бастап Наурыз мерекесінің мәртебесін көтеру мақсатындағы "Жаңару күні"мерекесі Талғар қаласының тау бөктерінде орналасқан Мелиоратор мекенінде ерекше көрінісімен,қаз-қатарынан орналасқан киіз үйлерде, ақ дастархан жайылып, ән-биімізбен керемет көңіл-күйменқарсы алдық. Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Жаңа жылда ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын! Ұлттық спорт күні
20.03.2024 18:42
Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асып жатқан Наурызнама бойынша 20 наурыз- Ұлттық спорт күні. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушылары мен оқытушылары ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Ұлтымыздың мәртебесін көтеру -әр қазақтың парызы. Жаңару күні
19.03.2024 18:31
Президент тапсырмасымен бекітілген Наурызнама концепциясының бірі-19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің агротехникалық бөлімінің оқытушылары мен білім алушылары колледж аумағына жас көшеттер отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті
19.03.2024 18:23
Жарапазан Рамазан айында ғана айтылады. Жарапазан өлеңдері адамгершілікті, имандылықты, әділет пен адалдықты, оразаны дәріптейді. Өзіндік сарыны бар. Осы дәстүрді Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің бір топ білім алушылары мен жас оқытушылары Талғар қаласының халқына тарту етті. |