Эмпатия сезімін дамыту, өзіне көңіл бөлу және айналадағыларға сенімін қалыптастыру;
Өзін-өзі бақылау дағдыларын нығайту;
Өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу.
2021-2021 оқу жылы бойынша суицидке ұмтылған білім алушылар арасында психодиагностикалық жұмыс жүргізу мақсатында:
- Колледж бойынша білім алушылар арасындағы өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылған және алдын-алу мақсатында іс-шаралар реті құрылып, бекітілді;
- «Суицидті жедел анықтау» тобы барлығы жеті адамнан құрылды, тізімі келесідей:
№
Аты-жөні
Лауазымы
Қызметі
1
Сатылғанов Ж.Қ.
Директор
Төраға
2
Бозымбекова Д.Б.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3
Садвакасова С.А.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Мүшесі
4
Дүйсеқожа Аяла Кәдіржанқызы
Директордың оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Мүшесі
5
Тукусбаева И.М.
Колледж психологы
Мүшесі
6
Ахметова М.М.
Тілдер кафедрасының оқытушысы
Мүшесі
7
Султанбекова А.Т.
Агротехнологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі
Мүшесі
- Колледж психологымен бірлесіп түрлі іс-шаралар ұйымдастыру топ жетекшілеріне міндеттелінді;
- Жоспар бойынша барлық өткізілген іс-шаралар жөніндегі есеп әр жарты жылдық сайын жүргізіліп, нәтижелері талқыланып, кемшіліктерді түзетіліп отырылады.
Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі — «өзін-өзі өлтіру» дегенді білдіреді. Өзін-
өзі өлтіру – философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.
Біздің заманда мұндай жағдайлардың орын алуы күннен-күнге көбейіп барады, әсіресе балалар арасында. Суицидтің алдын алу мақсатында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушылар арасында, колледж психологы ұйымдастырған «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында іс-шаралар жүргізілді. Колледж білім алушылары арасында суицидтің алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында білім алушыларының ұйымдастыруымен бейнероликтер дайындалды және үздіктері колледж сайтына жүктелді.
Бүкіл дүние жүзі көтерген мәселе өз-өзіне қол жумсау әсіресе жас өспірімдер
кәмелетке толмағандар арасында кеңінен тарап келеді. Өзіне-өзі қол жұмсау-философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу,фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау,қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б), медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.
Осынау індетті алдын алу жолында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 2021 жыл желтоқсан айының жиырма сегізі күні колледж психологы және 1 Зем 9 А топ жетекшісімен білім алушыларының ұйымдастыруымен жасөспірімдердің арасындағы суицид дертінің алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында аталған тақырыпта өлең жолдары оқылып, көріністер қойылып, топтың дайындауындағы бейнеролик көрсетілді. Аталған іс-шара жоғары деңгейінде өтті.
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде
суицид және оның алдын алу тақырыбында арналған жылдық жұмыс ЖОСПАРЫ
№
Жұмыстың мазмұны
Жұмыстың түрі
Мерзімі
1
2021-2022 оқу жылында суицидке ұмтылған білім алушылар арасында психодиагностикалық жұмыс жүргізу.
жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатегездіктің алдын алу.
Ата-аналар жиналысында баяндама оқу
Желтоқсан
2021 жыл
5
«Мен өмірді сүйемін!»суицидтің алдын алу
Іс-шара өткізу
Желтоқсан
2021 жыл
6
«Жанұя» қоғамдық қоры және «Қазақ психологиялық қоғамы» «Ресурс» бағдарламасы бойынша тестілеуден өткізу.
1,2,3 курс білім алушыларын тестілеу
Ақпан 2022 жыл
7
«Сіз және Сіздің өміріңіздің құндылықтары»
1,2 курс білім алушыларынан сауалнама
Ақпан 2022 жыл
8
«Мен өмірді сүйемін!» атты эссе
Эссе жазу
Наурыз 2022 жыл
9
«Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу және білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістері мен тәсілдері.
Топ сағаттары
Жыл бойы
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде«Суицидтік көріністерді алдын-алу» арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстар талапқа сай жүргізіліп отыр.