- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
«Экологиялық калейдоскоп»
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің агротехнологиялық кафедра жетекшілігімен 1 курс білім алушыларының арасында «Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы аясында «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Білім алушылардың табиғат байлықтарына ұқыпты қарайтын экологиялық сауатты, әлеуметтік белсенді болуларына тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға колледж оқытушылары және Іле Алатау қорығының эколог маманы Шалғынбаева Айгерім Маратқызы қатысты.