- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Колледж тарихы
М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 1918 жылы қазан айында Верный қаласында кең профильді агрономдар дайындайтын Жетісу орта ауылшаруашылық училищесі (бау – бақша шаруашылығы мектебі базасында) болып, Жетісу жұмысшы және солдат депутаттарының 1918 жылы 12 қыркүйектегі Қаулысымен Верный төменгі ауылшаруашылық мектебі негізінде құрылған.
Алғашқы қабылданған оқушылар саны 29 адам болды ал, 9 адамнан құралған бірінші түлектерін 1929 жылы шығарды.
Сол жылдардан бері техникумның атауы мен бағыну орны бірнеше рет өзгерді.
1930 жылы Алматы политехникумы болып Талғар станицасына (қазіргі Талғар қаласына) көшірілді, ал 1936 жылдан бастап Талғар ауылшаруашылық техникумы, 1995 жылдан Талғар ауылшаруашылық колледжі болып қайта аталды.
1997 жылы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Өкіметінің №1485 Үкімімен Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне М.Бейсебаевтың есімі берілді.
Колледж тарихы өте бай және қызықты. Бұл тарихтың ішіне Ұлы Отан соғысы жылдарының беттері де жазылған. Атап айтсақ, сұрапыл 1941 жылы осы техникум қабырғасында Бауыржан Момышұлы соғысқан 8-гвардиялық Панфилов дивизиясының 1073 Талғар полкы жасақталған. 1942 жылы Б. Момышұлы басқарған полк Мәскеуге 31 шақырым қалғанда, неміс басқыншыларын талқандап, кері қайтарғандардың алғашқылары болған. Соғыстың соңына қарай Б. Момышұлы Гвардия дивизиясын басқарды. Осы дивизия құрамында біздің түлектеріміздің бірі техникум директоры А.Н. Нүсіпбеков соғысқан. Ұлы Отан соғысы жылдары техникумнан 150–ден астам оқушылар және оқытушылар мен қызметкерлер арасынан 23 адам майданға аттанған. Бұлардың барлығы Ұлы Отан майдандарында ерлікпен соғысып тың және тыңайған жерлерді игеруге өз үлестерін қосты.
Колледж құрылғаннан бергі уақытта ауылшаруашылығының ең маңызды салаларына 28000 - астам маман даярлады.