- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 57 |
![]() | Кеше | 755 |
![]() | Бұл апта | 3406 |
![]() | Өткен апта | 5213 |
![]() | Бұл ай | 2796 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1349958 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-05 01:30
«IQ Battle: Мамандықтар әлемі»

2025 жылғы 22 мамырда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Жас маман – ертеңгі бас маман» атты жас мамандар онкүндігінің аясында жас мамандар Шаймұрат Махаббат пен Шакенова Алтынай білім алушылардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру және олардың кәсіби эрудициясын дамыту мақсатында «IQ Battle: Мамандықтар әлемі» атты үш кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырды. Білім алушылар түрлі мамандықтар туралы білімдерін көрсетті. 1 орынды - 1Прог «А» тобы, 2 орынды - 1Зем «А» тобы, 3- орынды 1 ТОиРем «А» тобы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
«Мимика шебері»![]() 2025 жылғы 21 мамырда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Жас маман – ертеңгі бас маман» онкүндігі аясында «Мимика шебері» атты көңілді ойын өтті. Іс-шараны оқытушылар Шаймұрат Махаббат пен Шәкенова Алтынай ұйымдастырды. Колледждің фойесінде шығармашылық пен әзілге толы ерекше атмосфера орнады. Студенттер өз қабілеттерін ерекше ықыласпен көрсетіп, белсенділік танытты. Бұл ойын онкүндіктің жарқын оқиғасына айналып, барлық қатысушыларға жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Сол қолдың шеберлері»![]() 21.05.2025ж.Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «Жас маман – ертеңгі бас маман» атты жас мамандар онкүндігінің аясында жас маман, арнайы пән оқытушысы Әменова Мереке Еркебекқызының ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Сол қолдың шеберлері» сайысы өткізілді. Ерекше қабылетті балаларды қолдау,ұшқыр ой, ептілік пен шапшаңдықты дамыту,қатысушылар арасында достық қарым-қатынас орнату мақсатында өткізілген сайыс «Шапшаң саусақ» , «Суретші сол қолмен», «Логикалық жарыс» және «Тапқыр болсаң – озып көр!» атты кезеңдерді қамтыды. Жеңімпаздарға марапаттар беріліп, сыйлықтар табысталды. "Жас маман -ертеңгі бас маман"![]() 19.05.2025 жыл Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде "Жас маман -ертеңгі бас маман" атты жас мамандар онкүндігінің ашылу салтанаты өтті . Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова жас мамандарға сәттілік, табандылық, алғырлық тілей отырып, барша білім алушылар мен оқытушыларды жас мамандар онкүндігіне белсене қатысуға шақырды. Құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу![]() 14.05.2025 ж. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Талғар қаласының криминалдық полиция бастығының орынбасары Молдабеков Мақсат, полиция майоры Таубалдиева Сымбат Нұрбошатковна, ювеналды полицияның аға инспекторы Жанболатова Салтанат Какеевна білім алушылармен нашақорлыққа қарсы күрес бағытындағы және алаяқтықтың алдын алу мақсатында кездесті. Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері есірткі заттарын қолдану қауіптерін түсіндірді, сондай-ақ құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, жауапты мінез-құлыққа және заңды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
|