- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 282 |
![]() | Кеше | 664 |
![]() | Бұл апта | 282 |
![]() | Өткен апта | 4477 |
![]() | Бұл ай | 3685 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1350847 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-06 09:23
«Адам өміріндегі парыз бен ар-ождан»

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушысы Ахметова А.К. 1 Бух «Б» оқушыларымен «Адам өміріндегі парыз бен ар-ождан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерде болашақта әрбір адамның өміріндегі басты бағдар болатын жалпы қабылданған моральдық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру.
Әскери-спорттық байқау![]() ҚР алғашқы қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына байланысты батырдың ерліктерін дәріптеу, білім алушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында Талғар қаласындағы колледждер арасында әскери-спорттық сайыс ұйымдастырылды. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Н.Дауытбаевтың жетекшілігімен байқауға қатысушы колледж білім алушылары жүлделі 2-орынды иеленді.
«Менің гүлзарым»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен «Енбегі адал жас өрен»жобасы аясында «Менің гүлзарым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Гүл түрлерін, гүлдердің мекен ету ортасын, ерекшеліктерін,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын ұғындыру, табиғатты аялау ,қорғау, эстетикалық талғам мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен тәрбие сағатында білім алушылар бірнеше гүлдер әлемі туралы тоқталып, көптеген мағлұматтар берді.
«Біздің ел осындай!»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары мен білім алушыларының ұйымдастыруымен «Біздің ел осындай!» тақырыбында 4 маусым -Қазақстан Республикасы Рәміздер күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізілді. Сонымен қатар сағат 11-00-де бүкіл білім алушылар мен оқытушылар құрамы Әнұранды орындап, ҚР Рәміздеріне құрмет көрсетті. ҚР Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарап, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс шараға қатысушылар ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би биледі. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова құттықтау сөз сөйлеп, жастардың елін, жерін, Отанын сүйіп, еліне қызмет жасайтын Ел азаматы болып шығуларына тілек білдірді.
«Жер - 2024»![]() Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты оқыту мен қорғаудың маңыздылығын ескере отырып, облыста өткізілген «Жер – 2024» кең ауқымды республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына байланысты Талғар кентінде сейсмикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Агробизнес және менеджмент колледжі 2024 жылдың 3 маусымында сағат 10.00-де іс-қимыл алгоритмін және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілді. Дайындық кезінде эвакуация жоспарына және қауіпсіз жерлерді анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Сейсмикалық дайындық барысында «Қауіпсіз орындарды ал» және «Эвакуация» бірнеше командалары жаттықты. Сейсмикалық сынақтарға жауапты Н.Н.Даутбаев профессорлық-оқытушылық құрам, студенттер және қызмет көрсету қызметкерлері жиналған шеру алаңында сейсмикалық оқу-жаттығу қорытындысы бойынша колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызына ауызша есеп берді. |