- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 186 |
![]() | Кеше | 664 |
![]() | Бұл апта | 186 |
![]() | Өткен апта | 4477 |
![]() | Бұл ай | 3589 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1350751 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-06 07:06
«Цифрлық сауаттылықты арттыру»

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушылары, жас мамандар Сағынаева І.мен Балтабекова М. педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлық сауаттылықты арттыру» тақырыбы бойынша семинар өткізді. Оқытушыларға электронды платформаларды таныстыра отырып, сабақ жоспарын құру барысында қалай пайдалану керектігі жөнінде көптеген ақпараттар берді. Семинар соңынан "Жас маман" бірлестігінің жетекшісі А.К.Ахметова "Ізденейік, үйренейік,жас маман " атты жас мамандар апталығының жұмысы жайлы есеп берді. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова Жас мамандар апталығының жоғарғы деңгейде өткендігін айта келіп, апталыққа белсене қатысқан жас мамандарға алғысын білдірді.
«Айбын-2024»![]() 24.05.2024 жылы Қонаев қаласында Жастар арасында әскери -патриоттық жұмысты жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған «Айбын-2024» Алматы облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына колледжімізден 15 білім алушы қатысты. Жастарға рух беретін, патриоттық сезімдерін оятатын сайыс өте тартысты өтті. Білім алушыларымыз өздерін әр түрлі қырымен көрсетіп, жақсы нәтиже көрсетті. Әр түрлі сайыс түрлері бойынша номинацияларға ие болып, "Алғыс хат" арқалап қайтты.
Шәкәрім Құдайбердиевтің 166 жылдығы![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде кітапхана меңгерушісі Нурмуханбетова Толқыннның ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіүлының 166 жылдығына орай "Шәкәрім рухына тағзым" атты танымдық кеш өткізілді. Кешке қатысушы 1 жерге орналастыру тобының білім алушылары Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, өлеңдерін жатқа айтты. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова шараға қатысқан оқытушылар мен білім алушыларға алғысын білдірді. Қазақ халқының данышпан тұлғаларының шығармаларымен таныс болу-кез келген білім алушының міндеті екендігін жеткізе отырып, жастарды кітап оқуғға шақырды.
"Вирусты гепатит дегеніміз не? Вирусты гепатиттің түрлері, жұғу жолдары. Стресс дегеніміз не?. Стресс жане онын салдары. Стрессты жеңу жолдары"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 1 курс білім алушыларына Педагог-валеолог А.М.Ақылбекова мен психолог Х. Б.Кусаинова "Вирусты гепатит дегеніміз не? Вирусты гепатиттің түрлері, жұғу жолдары. Стресс дегеніміз не?. Стресс жане онын салдары. Стрессты жеңу жолдары" тақырыбында Буллинг өткізді. Білім алушылар зейін қоя тыңдап, берілген сұрақтарға мұқият жауап берді.
“Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі”![]() Ата-аналар мектебі жобасы аясында “Тиімді әрі пайдалы тамақтану негізі” атты тақырыбында колледж мейірбикесі Қозыбаева А.Б. ата-аналармен онлайн форматта кездесу өткізген болатын. Кездесу мақсаты дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру. Ата-аналардың ой-өрісін дамыту,салауатты өмір-салтын ұстануды дәріптеу.
|