- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 361 |
![]() | Кеше | 800 |
![]() | Бұл апта | 3826 |
![]() | Өткен апта | 3164 |
![]() | Бұл ай | 6254 |
![]() | Өткен ай | 18376 |
![]() | Барлығы | 1309322 |
Сіздің IP: 3.144.124.77
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-05-10 14:47
"Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының түсінігі, принциптері және тарихи алғы шарттары"

Алматы облыстық «Шамшырақ» жобасы аясында, озық педагогикалық тәжірибе тарату мақсатында «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 1 Бух «Б» тобының білім алушыларына Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Кертаева Н.С. ZOOM платформасын пайдаланып , "Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының түсінігі, принциптері және тарихи алғы шарттары" тақырыбында облыс көлемінде ашық онлайн сабақ өткізді.
«Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы»![]() Колледжіміздің әдіскері Дүйсеқожа Аяла Кәдіржанқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстар жүргізді. Жаңа заңның талаптары мен өзгерістері толығымен қамтылды. Талқыланған өзгерістер төмендегідей: • Портфолионы педагог жеке өзі электрондық үкімет порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (модератор, сарапшы, зерттеуші облыстың ББ-да , шеберге-ОМ - не) электронды форматта ұсынады. • ПББ тапсыру ББ бекіткен кестеге сәйкес тапсыру тестілеу орталығының пункттерінде тапсырылады. • Сараптама комиссиясы құжаттарды өтініш берілген сәттен бастап 1 ай мерзім ішінде қарайды. • Кезекті аттестаттаудан өтіп жатқан педагогтер үшін аттестаттау комиссиясының шешімі 2024 жылғы 30 тамызға дейін шығарылады. • Ескі форматтан қолданыстағы форматқа ауысатындар үшін (І, ІІ, жоғары санат) 2024 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін. • ПББ арнайы пәндер мен жалпы пәндер оқытушыларына, өндірістік оқыту шеберлеріне арналған. • "Пәндік білім" - елу тапсырма. • өзге лауазымдардың педагогтері үшін. • "Педагогика және психология негіздері" - елу тапсырма. • 30 жыл және одан да көп педагогикалық еңбек өтілі бар екендігі расталған кезде ПББ тапсырудан босатылады, нәтижелерді кешенді жалпылаудан өтеді.
Көрісу күні![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледж ұжымы 14- наурыз "Көрісу күні" Амал мерекесімен бір -бірлерін құттықтады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. "Тілдер және қоғамдық пәндер"кафедрасының "Тіл мен тарих егіз ұғым" атты декадасының жабылу![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің "Тілдер және қоғамдық пәндер"кафедрасының "Тіл мен тарих егіз ұғым" атты декадасының жабылу кеші өткізілді. Декада аясында өткізілген іс шараларға белсене қатысқан білім алушылар марапатталды. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова кафедра жұмысына алғысын білдіріп, білім алушыларды марапаттарымен құттықтап, болашақтарына зор сенім білдіретіндігін баса айтты.
Масленица![]() Тілдер және қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің фойесінде "Масленица" қысты шығарып салуға арналған іс-шара өткізді. Мереке жүргізушілері жиналғандарға Масленица апталығының Ресейде қалай тойланатындығын айтып берді. Жиналғандар орыс халқының әдет-ғұрыптарымен, мерекенің аталу тарихымен танысты. Студенттер аптаға созылатын Масленицаның әр күнінің өзіндік атауы мен мерекелік әдет-ғұрыптары бар екенін білді, сонымен қатар «Өздігінен құрастырылған дастархан» масленица дастарханын ұйымдастыруға қатысты. Мереке жарқын әрі есте қаларлықтай өтті.
|