- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 346 |
![]() | Кеше | 800 |
![]() | Бұл апта | 3811 |
![]() | Өткен апта | 3164 |
![]() | Бұл ай | 6239 |
![]() | Өткен ай | 18376 |
![]() | Барлығы | 1309307 |
Сіздің IP: 3.147.47.108
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-05-10 14:27
«Ардақты Ана, Асыл Жар, Әсем Ару»

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары Токаева Д. Е мен Бекбаева Ш.С. жетекшілігімен колледж білім алушылары 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Ардақты Ана, Асыл Жар, Әсем Ару" тақырыбымен мерекелік кеш өткізді. Әсем әндер шырқалып, аналарға арнау жырлар оқылып, күмбірлеген күй тартылып, тағылымы мол сахналық қойылым қойып, мың бұрала би билеп, колледжіміздің ардақты ұстаз-аналарына, сұлу бойжеткендерге тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова ұстаз аналар мен қыз-келіншектерге Облыстық кәсіподақ ұйымының, Талғар қаласы Әкімінің және колледж әкімшілігінің Құрмет, Мақтау қағаздарын салтанатты түрде табыстады. Ұжымға, білім алушыларға ыстық лебізін білдірді.
"Қазақша сөйлейміз"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 27 ақпан күні "Тілдер және қоғамдық пәндер" кафедрасының "Тіл мен тарих егіз" атты декадасының екінші күні "Қазақша сөйлейміз" акциясымен басталып, қазақ тілі пәні бойынша берілген сұрақтарды дұрыс шешуге ұласты. Сонымен қатар, білім алушылар электронды кітаптармен танысты, сондай-ақ асық ату, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап, таңғы жаттығуларын жасады. "Оқуға құштармын"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің "Тілдер және қоғамдық пәндер" кафедрасының "Тіл мен тарих егіз" атты декадасының аясында ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Бекпаева Шынар Серікқызы 1 курс білім алушыларына "Оқуға құштармын" тақырыбында ашық сабақ өткізді. "Тарихым-тағдырым"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің "Тілдер және қоғамдық пәндер" кафедрасының тарих пәнінің оқытушылары Кертаева Н. С. Бұйдахан Сая, Сарманова Б.Қ. "Тіл мен тарих егіз" атты декадасының аясында "Тарихым-тағдырым" атты тағылымды сергіту жасады. Қазақ халқының талайлы тағдыры туралы көрнекіліктерін , экран арқылы сұрақтарын қойып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар үлестірді "Тіл мен тарих егіз"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің "Тілдер және қоғамдық пәндер" кафедрасының "Тіл мен тарих егіз " атты декадасының аясында 1-наурыз Алғыс айту күніне байланысты "Мың алғыс" шарасын ұйымдастырып, колледж оқытушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлады. |