- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 326 |
![]() | Кеше | 671 |
![]() | Бұл апта | 3159 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3159 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392216 |
Сіздің IP: 216.73.216.123
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-05 15:44
Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Сәтбаев университетінің өкілдерімен кездесу өтті.

28.02.2024 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Сәтбаев университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында университет қонақтары жоғары курс студенттерін университет ұсынатын мамандықтардың болашағы туралы хабардар етті. Кездесуде колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова, сондай-ақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айман Кенжекалымқызы Узбекова сөз сөйледі. Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
"Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз".![]() 2-наурыз 2024 жылы Талғар ауданы білім беру мекемелерінің ұстаздарының арасында аудандық "Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз" байқауы ұйымдастырылды. Колледж намысын қорғаған колледждің оқытушылары жеке орындаушылық, би, ұжымдық орындаушылық (хор) номинациялары бойынша қатысып, 16 білім беру мекеме ішінен 1-орынды иеленіп, 50 000 тг сыйақы алып, олжалы қайтты. Жеңіс құтты болсын!
«Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші»![]() Облыстық «Мен ІТ құзіреттімін» жоба мүшелерінің «Заманауи сабақ – педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында ұйымдастырылған ашық сабақтар шеруі аясында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы, жас маман Әменова Мереке Еркебекқызы 2 бағдарламашы 9 «А» тобының білім алушыларына «КМ 2 Электроника және электротехниканың заңдарын, микропроцессорлық техника бойынша білімдерді қолдану» модулі бойынша «Жасанды интеллект жүйелері» тақырыбында онлайн ZOOM платформасында ашық сабақ өткізді.
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары![]() Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында мектепке дейінгі шағын орталығы бар №28 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары![]() Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында №29 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді. ![]() |