- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 62 |
![]() | Кеше | 565 |
![]() | Бұл апта | 4092 |
![]() | Өткен апта | 3164 |
![]() | Бұл ай | 6520 |
![]() | Өткен ай | 18376 |
![]() | Барлығы | 1309588 |
Сіздің IP: 3.144.252.203
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-05-11 01:38
"Қош келдің, Жаңа 2024 Жыл"

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
"Отан тарихы әдебиеттерде"![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжі "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледж оқытушылары Бұйдахан Сая мен Ақжол Сымбат " Отан тарихы әдебиеттерде" тақырыбымен оқырмандар конференциясын өткізді. Еліміздің тарихы туралы суреттелген шығармалармен таныстырып, ойын арқылы білім алушылардың білімдерін тексерді. Білім алушылар тарихи кезеңдерді сипаттайтын өлеңдер оқып, ән шырқады. Тарихи кезеңдер туралы жазылған шығармаларға тоқталып, өз ойларын, білімдерін ортаға салды.
«Тұғыры биік тарихи тұлға-Ақай Нүсіпбеков»![]() Талғар агробизнес және менеджмен колледжі Колледж оқытушылары мен білім алушылары және арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен халқымыздың нар тұлғасы, қазақтың алғашқы академик-тарихшысы, асыл азамат Ақай Нүсіпбековке арналған «Тұғыры биік тарихи тұлға-Ақай Нүсіпбеков» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ғалымның өмірінен сыр шертетін «Ғибратты ғұмыр» атты деректі фильмді тамашалап, Ақай Нүсіпбековтың қызы Мәкен апайдың қызықты естеліктерін тыңдады. Ғалымның отбасы атынан немере қызы Несібелі Нүсіпбекова колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, үлгі өнегесін көрсетіп жүрген үш білім алушымызға 50 000 тг сыйақы берді. Ақай Нүсіпбеков жайлы ізденіп, нақты деректерін ортаға салып, сұрақтар қойған белсенді оқушыларға да кітап сыйлады. Колледж кітапханасына да қазақстан тарихынан сыр шертетін құнды кітаптарды сыйға берді. Ғалым атындағы кабинетті, колледж мұражайын аралады. Колледж директоры Д.Б.Бозымбекова келген қонақтарға зор алғысын білдіріп, сый-сыяпат тарту етті.
«Қазақтың қаракөз батыр қыздары»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжі «Тоғыз айға тоғыз шара» жобасы аясында колледж оқытушылары мен білім алушылары «Қазақтың қаракөз батыр қыздары» тақырыбы аясында Самбодан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Керімбекова Айсара Керімбекқызы мен Тоғызқұмалақтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші, дзюдо,самбо күресінен ҚР чемпионатының жүлдегері Жақапбаева Айнұр Абсадыққызының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Колледж директоры Д.Б.Бозымбекова қонақтарға зор Алғыс білідірді
«Педагогикалық тендем»![]() Алматы облысы Білім басқармасы, Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Педагогикалық тендем» әдістемелік жәрмеңкесіне колледж оқытушылары Садвакасова Сауле Ануарбековна және Отыншы Ербол Нұрланұлы қатысып, жүлделі «Үздік ықшам сабақ» номициясына ие болды.
|