Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 116 |
![]() | Кеше | 610 |
![]() | Бұл апта | 4290 |
![]() | Өткен апта | 5534 |
![]() | Бұл ай | 14439 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1461503 |
Сіздің IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-20 04:52
"Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдары”
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
1 курс қыздары арасында "Ерте жүктілік және оның алдын алу жолдары” атты тақырыпта жиналыс өтілді. Жиналысқа Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М.Тукусбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Узбекова, колледж мейірбикесі А.Б.Козыбаева, колледж психологы А.Ғаниқызы қатысты. Қыздарға ерте жүктіліктің жас органимзге тигізетін кері әсері,қандай аурулар пайда болатыны, ерте жүктіліктің психологиялық,социалдық қиындықтары туралы айтылып, жиналыс соңы сергіту сәті мен тренинг ойындарымен аяқталды.


"Мұғалім тұлғасының оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері"
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
Колледж жас мамандарының психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу,ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында "Мұғалім тұлғасының оқушы тұлғасының қалыптасуына әсері" тақырыбында "Жас мамандар мектебінің" жылдық жоспарына сәйкес кезекті тренинг өткізілді.
![]() ![]()
"Қош келдің, Жаңа 2024 Жыл"Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
Колледж мәдениет үйінде 28 желтоқсан күні колледж оқытушыларының бүлдіршіндеріне арналған "Қош келдің, Жаңа 2024 Жыл" тақырыбында шырша мерекесі ұйымдастырылды. Колледж жас мамандары түрлі кейіпкерлерді сомдап, бүлдіршіндер мен оқытушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ән шырқалып, би биленді. Кәсіподақ атынан сыйлықтар үлестірілді.
"Отан тарихы әдебиеттерде"Талғар агробизнес және менеджмент колледжі "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледж оқытушылары Бұйдахан Сая мен Ақжол Сымбат " Отан тарихы әдебиеттерде" тақырыбымен оқырмандар конференциясын өткізді. Еліміздің тарихы туралы суреттелген шығармалармен таныстырып, ойын арқылы білім алушылардың білімдерін тексерді. Білім алушылар тарихи кезеңдерді сипаттайтын өлеңдер оқып, ән шырқады. Тарихи кезеңдер туралы жазылған шығармаларға тоқталып, өз ойларын, білімдерін ортаға салды.
«Тұғыры биік тарихи тұлға-Ақай Нүсіпбеков»Талғар агробизнес және менеджмен колледжі Колледж оқытушылары мен білім алушылары және арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен халқымыздың нар тұлғасы, қазақтың алғашқы академик-тарихшысы, асыл азамат Ақай Нүсіпбековке арналған «Тұғыры биік тарихи тұлға-Ақай Нүсіпбеков» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ғалымның өмірінен сыр шертетін «Ғибратты ғұмыр» атты деректі фильмді тамашалап, Ақай Нүсіпбековтың қызы Мәкен апайдың қызықты естеліктерін тыңдады. Ғалымның отбасы атынан немере қызы Несібелі Нүсіпбекова колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, үлгі өнегесін көрсетіп жүрген үш білім алушымызға 50 000 тг сыйақы берді. Ақай Нүсіпбеков жайлы ізденіп, нақты деректерін ортаға салып, сұрақтар қойған белсенді оқушыларға да кітап сыйлады. Колледж кітапханасына да қазақстан тарихынан сыр шертетін құнды кітаптарды сыйға берді. Ғалым атындағы кабинетті, колледж мұражайын аралады. Колледж директоры Д.Б.Бозымбекова келген қонақтарға зор алғысын білдіріп, сый-сыяпат тарту етті.
|





























