Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 119 |
![]() | Кеше | 610 |
![]() | Бұл апта | 4293 |
![]() | Өткен апта | 5534 |
![]() | Бұл ай | 14442 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1461506 |
Сіздің IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-20 04:54
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан»
Талғар агробизнес және менеджмент колледжі
Колледждің мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты салтанатты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Колледж директоры, филология ғылымдарының магистрі БОЗЫМБЕКОВА ДИНАРА БОЛАРБЕКҚЫЗЫ колледж білім алушылары мен оқытушыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілек тіледі. Желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жариялады. Өнерпаз жастар жан тебірентер өлең шумақтарын жатқа айтып, «Желтоқсан желі» әнін шырқап, Желтоқсан оқиғасынан көрініс қойып, 1 бағдарламашы 9 «а» тобының білім алушылары Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін шырқап, мың бұралған биші қыздар қазақтың биін билеп, өнерлерін паш етті.




«Мен және менің құқығым»«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні арналған балаларға өмір» атты республикалық онкүндікті ұйымдастыру мақсатында № 25 мектеп гимназиясында «Мен және менің құқығым» атты дебат сайысы Талғар аудандық мектептер мен колледж арасында ұйымдастырылды. Дебат сайысқа Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушылары мен жетекшісі Әменова Мереке қатысты. Барлық сайысқа қатысқан білім алушылар мадақтамамен марапатталды.
«Здоровое мышление во имя здорового образа жизни»Талғар агробизнес және менеджмен колледжі 29 қарашада колледжіміздің мәдениет үйінде колледж студенттері мен оқытушыларына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен IMEI Халықаралық зияткерлік даму иститутының өкілдері, Қазақстандағы IMEI директоры Джон Дже Гын бастаған Корея елінен келген мұғалімдер мен профессорлар «Салауатты өмір үшін салауатты ойлау» тақырыбында дәріс оқыды. Корея елінің ұлттық ән-би ансамблінің концертін тамашалады. Колледж директоры Д.Б.Бозымбекова сөз сөйлеп, қонақтарға алғысын білдірді. ![]() «WorldSkills Kazakhstan 2023»Талғар агробизнес және менеджмент колледжі АСТАНАДА 22-27-қараша аралығында «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN -2023» VIII РЕСПУБЛИКАЛЫК, КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ өтуде. Чемпионаттың негізгі құндылықтары :шеберлік, әділдік, инновациялар, серіктестік және ашықтық. Жұмыс алаңында осы құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін негізгі тұлға болып ЭКСПЕРТ табылады.Байқауға қатысушылардың дайындық сапасы, алаңдағы атмосфера мен команданың жақсы жетістіктерге қол жеткізуі эксперттерге тікелей байланысты. Чемпионатқа колледжіміздің білім алушысы Токтаров Есхат Ерликұлы мен жетекшісі Айтбаев Жандос Есімханұлы қатысуда. Бұл чемпионат эксперттеріміздің кәсіби шеберліктерінің шыңдала түсуіне негіз болады деп сенеміз. Сіздерді әрдайым биіктерден көрейік! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!
«Оқу тренд-2023»Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жас мамандарына арналған «Оқу тренд-2023» облыстық байқауына шығармашылық белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін қалыптастыру мақсатында қатысқан колледждің жас маманы Әменова Мереке Еркебекқызы сертификатпен марапатталды.
|
- «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы»
- "Құқық бұзушылық және жауапкершілік"
- Колледж заңгері Авганова Әйгерім Оразқызы "құқық бұзушылық және құқықтық жауапкершілік"тақырыбында баяндама жасады. Шара соңында Талғар ауданының Жастар ресурстық орталығының психологы Қасымбаева Индира "менің үшбұрышты шляпам"рефлексиясын өткізді
- " Есірткі қолданудың алдын алу және басқа да зиянды белсенді заттар жастар арасында, Денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру"

























