Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 118 |
![]() | Кеше | 610 |
![]() | Бұл апта | 4292 |
![]() | Өткен апта | 5534 |
![]() | Бұл ай | 14441 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1461505 |
Сіздің IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-20 04:53
«Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы»
«Бағдарламамен қамтамасыз ету, есеп және аудит» кафедрасының «Есепші және бағдарламашылар – ғасырлар мен келешек мамандығы» атты декадасының аясында арнайы пән оқытушылары Д.Е.Токаева мен А.Атамкулова 1 курс білім алушыларымен ҚР Теңгесінің 30 жылдығына орай «Ұлттық теңге-ұлт мақтанышы » тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. ҚР Әнұраны орындалды. Теңгенің шығу тарихына тоқталып, ақындардың өлең жырларын оқыды. Би билеп, ән салды. Директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К.Дүйсеғожа білім алушыларға, «Есеп және аудит» мамандығының оқытушыларына алғыс білдірді. Теңгеміздің тегеуріні мықты, айналымы кең болуына үлес қосатын жастарымыздың болашағы жарқын болсын.


"Құқық бұзушылық және жауапкершілік"Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 1, 2, 3 курс білім алушылардың арасындағы «Құқық бұзушылық және занды жауапкершілік» атты тақырыпта жиналыс өткізілді. Жиналысқа колледж директоры Бозымбекова Д.Б. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тукусбаева И.М. колледж психологы Ғаниқызы А. колледж заңгері, комплаенс: Авганова А.О. қатысты. Білім алушылардың негізгі міндеттері, сабаққа қатысуы, денсаулыққа зиянды теріс әрекеттер, құқық бұзушылық, қылмыстық жауаптылық туралы мағлұматтар беріліп, түсіндірме жұмыстары жасалды. ![]() ![]() ![]() Колледж заңгері Авганова Әйгерім Оразқызы "құқық бұзушылық және құқықтық жауапкершілік"тақырыбында баяндама жасады. Шара соңында Талғар ауданының Жастар ресурстық орталығының психологы Қасымбаева Индира "менің үшбұрышты шляпам"рефлексиясын өткіздіТалғар агробизнес және менеджмент колледжі Колледж білім алушыларының жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Колледж директоры Д. Б. Бозымбекова сөз сөйлеп, колледжде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, білім алушылардың ата-аналарына зор алғысын білдірді. Білім алушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен оқу үлгерімі жайлы тоқталып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М.Тукусбаева колледжде жүргізіліп жатқан түрлі іс шараларына колледж психологы жастар арасындағы кибербуллинг, буллинг туралы тоқталып, олардың алдын алу керектігін ескертті..Талғар АПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ аға инспекторы, полиция майоры Касымбекова Арайлым Адилбековна құқық бұзушылық және оның салдары туралы ата-аналарға ақпарат берілді. Колледж заңгері Авганова Айгерім Оразқызы қазіргі уақыттағы комплаенс туралы , яғни "құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік" тақырыбында баяндама жасады.Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының психологы Касымбаева Индира "Менің үшбұрышты қалпағым" атты Сергіту сәтін жиналыс соңында өткізді.
" Есірткі қолданудың алдын алу және басқа да зиянды белсенді заттар жастар арасында, Денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру"Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Колледждің 1 курс білім алушыларына " Есірткі қолданудың алдын алу және басқа да зиянды белсенді заттар жастар арасында, Денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру" тақырыбында Талғар аудандық ауруханасы салауатты өмір салты қызметінің маманы, нарколог М. М Рысбаева, ювеналды полиция қызметкерлері және "Аманат" партиясы Талғар филиалының өкілдері, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М. Тукусбаеваның қатысуымен семинар тренинг өткізілді. Білім алушыларға бейне көрсетілімдер көрсетілді. Сұрақтар қойылды. Жастар өз ойларын ортаға салды. ![]() ![]() ![]() ![]() "Бағдарламамен қамтамасыз ету, есеп және аудит"
Талгар агробизнес және менеджмент колледжі
"Бағдарламамен қамтамасыз ету, есеп және аудит" кафедрасының "Есепші және бағдарламашылар - ғасырлар мен келешек мамандығы» атты онкүндік декадасынын ашылуы 13-қараша күні таңертеңгісін колледж фойесінде ұйымдастырылып, білім алушылар мен оқытушыларға ерекше көңіл күй сыйлады. Колледж директоры Д.Б.Бозымбекова сөз сөйлеп, онкүндіктің ерекше өтуіне, білім алушылардың белсенділікпен атсалысатынына сенім білдірді.
![]() ![]()
|
































