Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 116 |
![]() | Кеше | 610 |
![]() | Бұл апта | 4290 |
![]() | Өткен апта | 5534 |
![]() | Бұл ай | 14439 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1461503 |
Сіздің IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-20 04:52
Көлік және байланыс саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіптік шеберлік конкурсы
Талғар агробинес және менеджмент колледжі
2023 жылдың 04-10-қараша аралығында Қостанай қаласында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің базасында көлік және байланыс саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында республикалық кәсіптік шеберлік байқауына қатысқан колледж оқытушысы Білдебаев Талғат ІІІ орынды иеленді! Колледж намысын қорғаған Талғат Нұрғожаұлы! Еңбегіңіз әрқашан жемісті болсын! Колледж, Алға!



«Парасатты оқырман»Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Алматы облысының білім басқармасы, Облыстық әдістемелік орталық және Қаскелең мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру, үздік оқырманды анықтау әрі ынталандыру мақсатында 9 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім саласы мұғалімдері мен кітапханашылары арасында «Кітап оқы. Шабыттан» байқауы қорытындыланды. «Парасатты оқырман» жобасының мүшелері, 37 педагог зияткерлік және шығармашылық шеберлік кезеңдері бойынша ұсынылған 30 кітап негізінде «Менің өмірімді өзгерткен шығарма» тақырыбында эссе, бейнеролик, трейлер, фото, жарнама түріндегі материалдарын ұсынды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, ІІ кезеңге өтпеген қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттарымен, ал үздік деп танылған жұмыстар арнайы номинациялармен марапатталды, ҚР Ұлттық кітапханасы тарапынан кітаптар сыйға берілді. «Парасатты оқырман» жобасының мүшесі, колледжіміздің арнайы пән оқытушысы А.К. Ахметова СЕРТИФИКАТПЕН марапатталды.
"Оқу көшбасшысы"Талғар агробизнес және менеджмент колледжі "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында колледж оқытушылары Ақжан Акимгалиқызы мен Қали Гүлдананың ұйымдастыруымен "Оқу көшбасшысы" тақырыбында викториналық ойын өткізді.1 зем "А" тобынан Сыдық Азамат ойын жеңімпазы атанып, Оралхан Бөкейдің кітабы табысталды.1 прог "А" тобынан қатысқан Жақсылық Тимур екінші орынды иеленіп, сыйлықпен марапатталды.
"Рационал және иррационал көрсеткішті дәрежелер"19 қазан күні Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде "Жалпы пәндер" кафедрасының онкүндік жоспары аясында математика пәнінің оқытушысы Қали Гүлдана Нұрғайыпқызы "Тамақтандыру кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру" мамандығының 1 курс білім алушыларына ."Рационал және иррационал көрсеткішті дәрежелер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақта оқытудың белсенді әдістерін ұтымды қолданды.
"Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері"19 қазан күні Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде "Жалпы пәндер" кафедрасының онкүндік жоспары аясында физика пәнінің оқытушысы Бақытбекқызы Ақмарал "Электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығының 1 курс білім алушыларына "Изопроцестер. Изопроцестердің графиктері" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақта оқытудың белсенді әдістерін шебер қолданды.
|
































