- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 371 |
![]() | Кеше | 493 |
![]() | Бұл апта | 3697 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3697 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392754 |
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-06 13:58
«Өз-өзіне қалай сенімді болу керек» сабақ – тренинг.

«Өз-өзіне қалай сенімді болу керек» сабақ – тренинг.
Колледж білім алушыларының арасында қарым –қатынас мәдениетін, сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру мақсатында «Өз-өзіне қалай сенімді болу керек» тақырыбында сабақ – тренинг өткізілді. Тренинг соңы рефлексиямен аяқталып, өздерінің пікірлерімен тілектерін айтты.
«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы.![]() «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылдың 11 сәуірдегі № 27-1- 15/705-И хатына сәйкес, ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау үшін жыл сайын 22 сәуірде «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушылары көшет отырғызу жұмыстарын белсенді түрде атқарды.
Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары.![]() Жүйелік-кәсіптік бағдарлау жұмыстары. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің кәсіптік бағдарлау жұмыстары бойынша жұмыс жоспарына сәйкес, жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында TEDx форматында №17 орта мектеп оқушыларыен кездесу өткізілді.
«Буллинг, суицид себептері, формалары, алдын алу» семинар.![]() «Буллинг, суицид себептері, формалары, алдын алу» семинар. «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсанындағы № 506 бұйрығындағы 2 тарау п.4 сәйкес, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары «Буллингтің (қорқыту, зорлық-зомбылықтың) алдын алу, сондай-ақ оны тоқтату» мақсатында «БӨБЕК» оқыту орталығы педагогикалық ұжымының ұйымдастыруымен өткен «Буллинг, суицид себептері, формалары, алдын алу» тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификатқа ие болды.
«Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» әдеби сот![]() «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» әдеби сот «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары Сая Бұйдахан мен Перизат Омарованың ұйымдастыруымен «Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау» тақырыбында әдеби сот өткізді. Қатысушы білім алушылар қазақ елінің тарихына шолу жасай отырып, қазақ билерінің қазақ халқын бірлікке шақыру туралы шешендік сөздерінен көрініс көрсетті. Алаш зиялыларының, бес Арыстың, үш Бәйтеректің рөлдерін сомдап, Алаш жұртына арнаған сөздерін нақышына келтіре отырып оқып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының батыры Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін оқып, бейнелерін сомдады. «Желтоқсан желі», «Көк тудың желбірегін» әндерін қосыла орындап, отаншылдық рухтарын көтерді.
|