- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 228 |
![]() | Кеше | 493 |
![]() | Бұл апта | 3554 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3554 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392611 |
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-06 08:37
Әдістемелік кеңес

Әдістемелік кеңес
31.01.2023 жылы колледжімізде әдістемелік кеңес өткізілді.
Колледжіміздің әдіскері Дүйсеқожа Аяла Кәдіржанқықы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығына түсіндірме жұмыстар жүргізді. Жаңа заңның талаптары мен өзгерістері толығымен қамтылды.
Lesson Study дегеніміз не? Оны не үшін пайдалануға болады? Үдерістің кезеңдері қандай? – деген сұрақтарға колледждің «Бухалтерлік есеп және аудит және бағдарламамен қамтамасыз ету» кафедрасының арнайы пән оқытушысы Әменова М.Е. анықтама беріп, баяндамасымен бөлісті.
Сонымен қатар, оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру мақсатында бірізді, тізбектелген, жоспарланған іс-әрекеттерді орындауды, сондай-ақ зерттеу барысында алынған нәтижелерге жүйелі түрде мониторинг жүргізуді көздейтін үдеріс – Action Research әдісімен таныстырылды.
"Оқуға құштар колледж" жобасы![]() "Оқуға құштар колледж" жобасы бойынша Көркем шығармалар желісімен түсірілген фильмдерге виртуалды көрме ұйымдастырылды. «Қол күрестен» әйелдер арасындағы Алматы облысының чемпионаты.![]() «Қол күрестен» әйелдер арасындағы Алматы облысының чемпионаты. 20.01.23 -22.01.23 аралығында Алматы облысының Дене шынықтару және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Қол күрестен» әйелдер арасындағы Алматы облысының чемпионатында колледж білім алушысы Есембаева Дана Бекжановна 80 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді.
Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары арасындағы спартакиада.![]() Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары арасындағы спартакиада. Алматы облысы, Есік қаласындағы «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі», Алматы облысының кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары арасындағы спартакиадасына, волейболдан аудандық кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің оқытушылары (ерлер, әйелдер) арасындағы іріктеу жарысында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің оқытушылары топ жарып, жүлделі І орынды иеленді.
Тоғызқұмалақтан Алматы облысы жекелей чемпионаты.![]() Тоғызқұмалақтан Алматы облысы жекелей чемпионаты. 18.01.23-22.01.23 күндері аралығында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің спорт залында Тоғызқұмалақтан Алматы облысы жекелей чемпионаты өтті.
|