- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 145 |
![]() | Кеше | 493 |
![]() | Бұл апта | 3471 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3471 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392528 |
Online (20 минут бұрын): 9
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-06 06:22
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-06 06:22
Баскетболдан облыстық спартакияда.

Баскетболдан облыстық спартакияда.
Талғар политехникалық колледжінде баскетболдан облыстық спартакияда іріктеу жарысында колледждің баскетболдан ұлдар командасы жүлделі ІІ орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді.


«Саналы Ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың облыстық байқауы.![]()
«Саналы Ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың облыстық байқауы.
Білім басқармасының 2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес «Саналы Ұрпақ» ерікті студенттік клубтардың облыстық байқауында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушылары Майтен Аружан Қабыланқызы, Бектұрған Айбол, Ахан Арслан Батырбекұлына қатысып, «Шығармашыл Саналы Ұрпақ клубы» номинациясына ие болды.
![]() ![]() ![]() ![]() «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби ойыны![]()
«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби ойыны.
Желтоқсан айының жиырмасы күні колледжімізде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Не? Қайда? Қашан?» атты әдеби ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 1 курс білім алушылары қатысты. Ойын «Білгірлер» тобы мен көрермендер арасында өтті. Әдеби ойын 5 кезеннен тұрды:
1 кезең - «Бәйге» сұрақ – жауап
2 кезең - «Дода» видео сұрақ
3 кезең - «Жорға» кинолардан үзінді
4 кезең - «Жүйрік болсаң, озып көр» поэмаларды тап
5 кезең - Қара жәшік
Қатысушылар өздерінің білімдерін өте жақсы көрсете білді. Ойын соңында білім алушылар жинаған ұпайларына қарай 1,2,3- орын және «Ең тапқыр», «Ұшқыр ойлы», «Кітапқұмар» номинациялары бойынша марапатталды.
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Талғар қаласында орналасқан «Желтоқсан 86» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі![]()
Талғар қаласында орналасқан «Желтоқсан 86» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аясында, Талғар қаласында орналасқан «Желтоқсан 86» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінде колледж білім алушылары белсенді қатысты. Тәуелсіздік монументі алдындағы шараға ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестік өкілдері, 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысушылар және қала тұрғындары қатысты.
![]() ![]() «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты![]()
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Кеш барысында колледж директоры құттықтау сөзімен бастап, өз кезегінде оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқан оқытушылар мен білім алушыларды «Алғыс хат» марапаттап өтті. Мерекелік кеш жас оқытушылармен білім алушылардың өнерлерін көрсетумен жалғасын тапты.
![]() |