Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 185 |
![]() | Кеше | 916 |
![]() | Бұл апта | 4302 |
![]() | Өткен апта | 4615 |
![]() | Бұл ай | 8917 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1455981 |
Сіздің IP: 216.73.216.208
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-13 08:36
«Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы»
Алматы облысы әкімдігінің 2007 жылғы 31 мамырдағы «Білім беру ұйымдары мен ұстаздардың арасында облыстық конкурстар өткізу туралы» №92 қаулысына және Алматы облысы білім басқармасының 2025 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету, үздік колледжді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында 19 қыркүйекте техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Ең үздік кәсіптік білім беру ұйымы - 2025» облыстық байқауы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында ұйымдастырылып өткізілді.
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде дене шынықтыру пәнінің оқытушылары: Дуйсенбаева Ж.Е; Изиева М.А ұйымдарсыруымен «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты іс- шара өткізілді. Мақсаты: Студенттердің дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыра отырып, ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, бірлік пен достықты нығайту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Студенттердің дене шынықтыру мен ұлттық ойындарға деген қызығушылығы артып, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсінді. "Дін және рухани құндылықтар. Жастардың рөлі"Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 1-курс білім алушыларына Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген рухани тәрбие беру, дінге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және экстремизм мен радикализм идеологияларынан сақтандыру мақсатында "Дін және рухани құндылықтар. Жастардың рөлі" тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Шара барысында Талғар ауданына жауапты дінтанушы (теолог) маман Әбді Әділет Абдыхалықұлы қонақ болып, жастармен рухани тәрбие, діни сауаттылық және заманауи қоғамдағы діннің рөлі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.
«Адал азамат»Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ардагер ұстаз Жұмаділов Ербол Кеңесбекұлымен «Адал еңбекпен табыс табудың жолдары» атты тағылымдық кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастарды адал еңбекке баулу, өмірлік тәжірибесі мол аға буын өкілінің өмір жолы арқылы еңбекқорлық, табандылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді қалыптастыру. Ербол Кеңесбекұлы ұстаздық жолындағы қиындықтар мен жетістіктерді шынайы баяндап, «Тек адал еңбек пен кәсіби шеберлік – нағыз табыстың кепілі» деп жастарға маңызды кеңестерін айтты. Студенттер үшін мотивацияға толы, тәрбиелік мәні зор кездесу болды.
«Адал азамат»Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ардагер ұстаз Жұмаділов Ербол Кеңесбекұлымен «Адал еңбекпен табыс табудың жолдары» атты тағылымдық кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастарды адал еңбекке баулу, өмірлік тәжірибесі мол аға буын өкілінің өмір жолы арқылы еңбекқорлық, табандылық, жауапкершілік сынды қасиеттерді қалыптастыру. Ербол Кеңесбекұлы ұстаздық жолындағы қиындықтар мен жетістіктерді шынайы баяндап, «Тек адал еңбек пен кәсіби шеберлік – нағыз табыстың кепілі» деп жастарға маңызды кеңестерін айтты. Студенттер үшін мотивацияға толы, тәрбиелік мәні зор кездесу болды. |

























