- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 43 |
![]() | Кеше | 493 |
![]() | Бұл апта | 3369 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3369 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392426 |
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-06 02:03
«Мен, балаң, жарық күнде білім қуған»

«Мен, балаң, жарық күнде білім қуған»
16.11.2022 күні 2022 жыл - Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Мен, балаң, жарық күнде білім қуған» атты студент қатарына қабылдау рәсіміне арналған іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Жұмыс беруші күні![]() Жұмыс беруші күні
Қазіргі таңдағы жаһандану мен индустрияландыру жағдайында экономиканың барлық салалары үшін кадрлар даярлау мәселелерін жақсарту еліміздің саясатындағы өзекті міндеттердің бірі.Экономиканың қарқынды дамуымен техникалық және кәсіптік маман иелеріне сұраныс күн санап артуда. Кадрлар даярлаудың сапасын арттыруда жұмыс берушілермен тиімді әріптестікті дамыту қажет. Колледжімізде қарашаның 14 жұлдызында «Жұмыс беруші күні» аталып өтілді. «Южный» ЖШС , «Байсерке- Агро» ЖШС, «Халық банк» АҚ «Талғар ауданының ветеринариялық станциясы» МҚК, «R.S.T. CONSTRACTION» ЖШС ,«Талғар аудандық электр торабы» ЖШС, «FIRST HEARTLAND JUSAN BANK», жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысып, оқу үрдісімен және материалдық техникалық базасымен танысып, бітіруші топтармен кездесті. Кездесу барысында өзара пікір алмасып, білім алушылар өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Кәсіпорындармен колледж арасында 2 жақты меморандумға қол қойылды. 15 қарашада Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде білім басқармасы Алматы облысы әкімдігімен бірлесе отырып колледжімізде әлеуметтік серіктестер мен кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, «Жұмыс беруші күні» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес өткізді.
«ЖҰМЫС БЕРУШІ КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ӨТКІЗІЛГЕНІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 2022 жылдың 15-ші қарашасында «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» базасында «Жұмыс беруші күні» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға облыстық білім басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі, колледж басшылары және әлеуметтік серіктестер қатысты. Білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауысбекқызы «Еңбек нарығы талап етіп отырған трансформация» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы академиялық дербестік, дуальды оқыту, кәсіпорындар колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты трансформация» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы академиялық дербестік, дуальды оқыту, кәсіпорындар колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты кадрларды даярлау, педагогтердің тағылымдамадан өтуі секілді өзекті мәселелерге тоқтады. Дөңгелек үстелдің өту барысында келесі мәселелер талқыланды Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ахметова Айгүл Матанқызы «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасын іске асыру, мамандарды қажеттілікке сәйкес даярлау» тақырыбында кәсіпорынға қажетті мамандардың сұранысы туралы ақпараттар ұсынды. Бұдан әрі сөз кезегін алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Талғар ауданың өкілі Азимбаев Бағдат Базыкенұлы «Әлеуметтік серіктестік – құзыретті маман даярлаудың қозғаушы күші» тақырыбында, «Беккер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кондитер өндірісінің директоры Калиева Насима Махмутовна «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңартуға жұмыс берушілердің әрекеттесуі» тақырыбында, «Lake farm» жауапкершілігі шектеуле серіктестігінің инженер-технологы Сырганбай Акбота Калмакбаевна, «Колледж бен кәсіпорын арасындағы үйлестірілген жұмыстың келесі кезеңі кадрларды мақсатты даярлау» тақырыбында, «Байсерке-Агро» оқу ғылыми өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алиев Мұрат Әшірханұлы «Болашақ мамандарды кәсіби тәжірибеден өткізу мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибе бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша туындап отырған кедергілердің шешу жолдарын да ұсынды. Шара аясында Талғар агробизнес және менеджмент колледжі Талғар ветеринарялық станциясы, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі «АЙ-ЭЛЕКТРОЛИН» және Алматы экономикалық колледжі «COOKSKZ» кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша меморандумға қол қойды. Дөңгелек үстелдің қорытындысын шығарып, кәсіпорындармен жұмыстың тиімді жалғастырылуын бақылау мақсатында арнайы қабылданған қарарды ұсынды. Осы күні 43 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары осындай дөңгелек үстелдерді ұйымдастырып, оған 136 жұмыс беруші, 8200 студенттер қатысты. Колледждер орта мектеп оқушыларын шақырып, таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) Колледждер кәсіпорындармен 3 меморандумға қол қойды. Сонымен қатар 20 келісімшарт жасалды, 16 кәсіпорын базасына экскурсия өткізілді, 31 кездесу, 13 дөңгелек үстел, 2 бос орын жәрмеңкесін және түрлі бағыттағы 18 шараны ұйымдастырды. Алматы облысы бойынша 41 кәсіпкер Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Өткізілген шаралар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы кеңінен насихатталды.
«Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысы.![]()
«Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысы.
Облысымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие беру аясында жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Ж.С.Бекбауовтың ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысын жоғары деңгейде өткізілді. Барлығы 7 команда қатысқан тартысты ойында «Потолок» командасы «Бас жүлде» иеленіп, кубокқа қол жеткізді.
![]() ![]() ![]() ![]() 1982-1983 ж «агрономия» мамандықтары бойынша бітірген түлектер![]()
1982-1983 ж «агрономия» мамандықтары бойынша бітірген түлектер 40 жыл өткен соң колледжге кездесуге келіп, ішкі тыныс-тіршілігімен танысып, бір марқайып кетті. Қазіргі білім алушылар және оқытушылармен сұқбаттасып, баталарын берді.
Осы колледж бітіруші түлектері 40 жылды артқа тастап, көп оқиғаларын еске түсірді.
![]() ![]() ![]() ҚР ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ![]()
|