- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 239 |
![]() | Кеше | 718 |
![]() | Бұл апта | 957 |
![]() | Өткен апта | 4721 |
![]() | Бұл ай | 5068 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1352230 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-08 10:30
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, колледж әкімшілігі Жаңалық ауылында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиынға қатысып, арнайы ескерткішке гүл шоқтары қойып қайтты. Сонымен қатар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейді аралап, тың ақпараттармен танысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлының Талғар қаласындағы тарихы терең тағылымы мол білім ордасы - Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне іссапары.![]()
Мамыр айының 27-сі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлының Талғар қаласындағы тарихы терең тағлымы мол білім ордасы - Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне іссапары аясында колледж ұжымымен әкімшілік мүшелігімен ауданымыздың даму келешегін, сондай-ақ елді мекеннің мәртебесін арттырудың өңірдегі барлық тұрғындарға маңыздылығы талқыланды.
- Атап айтқанда, депутат референдум жайлы түсініктеме беріп, колледж ұжымымен ашық пікір алмасып, лебіздерін тыңдады. Сонымен қатар, референдумға қатысты тың ойлар айтылып, алдағы референдумды және конституциялық реформаның негізгі бағыттарын тілге тиек етті.
- «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум - Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі бойынша таңдау жасайтын боламыз», деп колледж ұжымын Жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығын талқылау.![]() Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығын талқылау мақсатында 2022 жылдың 20 мамырында сағат 15.00-де онлайн форматта I, II, III және IV курс білім алушыларының ата-аналарына арналған жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының іссапары.![]() Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ашимжанов Жанарбек Садыканович, Тельпекбаева Жанна Тлеубековнаның іссапары аясында, колледж оқытушылары және жастарымен кездесу өткізіп, бірқатар мәселелер қарастырып өтті.
«Болашақ- дені сау ұрпақ қолында» атты аудандық волейболдан жарыс.![]() ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы қарсаңында, Талғар ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Болашақ- дені сау ұрпақ қолында» атты аудандық волейболдан өткен жарыста колледждің оқытушылары мен білім алушыларынан құралған құрама командасы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді.
|