- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 8 |
![]() | Кеше | 493 |
![]() | Бұл апта | 3334 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3334 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392391 |
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-06 00:19
«Мен және менің полицейім!» акциясы аясында «Ашық есік күні».

Ағымдағы жылғы 11-15 сәуір аралығында республика аумағында «Мен және менің полицейім!» акциясы аясында, Талғар аудандық Полиция басқармасында ұйымдастырылған «Ашық есік күніне» колледж білім алушылары қатысты. «Ашық есік күні» шеңберінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде кеңестер беріліп, кәмелетке толмағандардың ішкі істер органдарының мекемелеріне және ПД музейлерімен таныстыру жүргізілді.
«Отбасындағы зорлық-зомбылық көрінісі», «Әлімжеттік: әдепсіздік пе, әл де «ӘДЕТ» пе?».![]() Ағымдағы жылғы 11-15 сәуір аралығында республика аумағында «Мен және менің полицейім!» акциясы аясында колледж білім алушыларымен «Отбасындағы зорлық-зомбылық көрінісі», әлімжеттіктің (буллингтің) алдын алу мақсатында «Әлімжеттік: әдепсіздік пе, әл де «ӘДЕТ» пе?» тақырыптарында кездесу өткізілді. Кездесуге Талғар аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПТ ОПИ полиция подполковнигі Тасыбаева Ханым Мехамедовна, ПБ ЖПҚБ ЮПТ ОПИ полиция лейтенанты Инкарбекова Наргиза Амантайқызы, «Жауқазын» ҚБ жетекшісі Андреева Дарья Сергеевна колледж білім алушыларына тың ақпараттармен бөлісіп, талқыланды. Талқылау кезінде білім алушылар өз пікірлерін білдірді, кездесу соңында анонимді түрде сауалнама алынды.
Жалпы аудандық сенбілік.![]() Талғар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 наурызындағы «Ауданының елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі –күзгі екі айлығын өткізу туралы» №106 қаулысын орындау мақсатында, 09.04.2022, сағат 09.00 –де колледжде жалпы сенбілік өткізілді. Аталған іс-шараға барлығы 300 білім алушы мен 30 оқытушы ат салысты. Іс-шара соңында суретке түсіріліп, жиналған қоқыстар машинаға тиеліп кетті.
«Жер, орман және күн» ағаш отырғызу акциясы.![]() Сәуір айының алтысы күні «Халықаралық Парктер шеруі» экологиялық акциясы, «Парктер шеруі- 2022» табиғат қорғау акциясы аясында, «Жер, орман және күн» атты ағаш отырғызу акциясына колледж білім алушылары белсенді қатысты.
«Жетісу адалдық алаңы» жобасының «Саналы ұрпақ» кіші жобасын іске асыру.![]() «Жетісу адалдық алаңы» жобасының «Саналы ұрпақ» кіші жобасын іске асыру және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, Талғар аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 06 сәуір күні, сағат 11.00-де Талғар аудандық Мәдениет үйінің алдында өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» акциясына колледж «Саналы ұрпақ» клубының білім алушылары белсенді қатысып қайтты. |