- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 468 |
![]() | Кеше | 671 |
![]() | Бұл апта | 3301 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3301 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392358 |
Сіздің IP: 216.73.216.168
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-05 22:26
Қазақстан Республикасының басшысы

«Жасарып, жайнай бер Талғарым».![]() Жастарда еңбектік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тұрғысынан «Жасарып, жайнай бер Талғарым» атты колледжішілік, қалалық, аудандық сенбіліктерге қатысудың мақсаты - елді-мекендерді көріктендіру, экология мәселелерін шешу, жастарды туған өлкеге және еліміздің болашағына қамқорлық жасау рухында тәрбиелеу. Колледж білім алушылары колледж аумағына тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға барлығы 150 білім алушы мен 20 оқытушы ат салысты. Іс-шара соңында суретке түсіріліп, жиналған қоқыстар машинаға тиеліп кетті.
«Парктер шеруі- 2022» табиғат қорғау акциясы.![]() «Халықаралық Парктер шеруі» экологиялық акция аясында, «Парктер шеруі- 2022» табиғат қорғау акциясына колледж білім алушылары белсенді қатысып, ашылу салтанатында спорттық жарысынан жүлделі І-орынды иеленді.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі».![]() «Талғар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі және «Талғар ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі филиалымен бірлесіп, Талғар ауданының жастары мен жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орталастыру мақсатында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізілуіне колледж білім алушылары ат салысып, тарапта материалдарын үлестірді.
«Өскелең ұрпақты түрлі діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру идеясы».![]() Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар және еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Сонымен қатар бірқатар елімізде болып жатқан мәселелерге байланысты «Өскелең ұрпақты түрлі діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру идеясы» тақырыбындағы колледж оқытушылары мен білім алушылармен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында Талғар қаласы әкімінің орынбасары-Бактыбаев Маден Олегович, қоғамдық келісім төрайымы- Бутабаева Жумакыз Ашимбековна, Талғар қалалық орталық мешітінің имамы- Тайшықов Қасымхан Қалдыбайұлы, Талғар ауданының бас имамы- Керімбеков Нұржан Пралиұлы, Талғар ауданы бойынша дінтанушысы- Құдайбергенов Бағдат Абайұлы тың ақпараттармен бөлісіп, өз кезегінде қорытынды сөзімен колледж директоры Сатылғанов Жақсылық Қасабекұлы аяқтады.
|
- Құт қонып, бақ дарыған Наурыз.
- Талғар ауданы колледждерімен орта мектеп мұғалімдері арасында волейболдан жарыс.
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» МКҚК Суицидтік көріністерді алдын-алу бойынша жұмыстар.
- «Талғар агробизнес және менеджмент колледжі» МКҚК Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған білім алушылармен жүргізілген жұмыстар