- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 446 |
![]() | Кеше | 671 |
![]() | Бұл апта | 3279 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3279 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392336 |
Сіздің IP: 216.73.216.123
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-05 21:08
22 желтоқсан- Энергетиктер күні.

2021 жыл желтоқсан айының 22-інші жұлдызында 22 желтоқсан – Электриктер күніне орай колледж «Электротехникалық пәндер» кафедрасының ұйымдастырумен онкүндік ашылуы өткізілді. Аталған іс-шара «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде энергиямен жабдықтаудың балама көздерін дамыту» тақырыбында өткізіліп, мамандық бойынша білім алушылар ат салысып, жақсы деңгейде өткізілді.
Мен өмірді сүйемін!![]() Желтоқсан айының жиырма сегізінші жұлдызында колледж психологы және 1 Зем 9 А топ жетекшісімен білім алушыларының ұйымдастыруымен жасөспірімдердің арасындағы суицид дертінің алдын алу мақсатында «Мен өмірді сүйемін!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында аталған тақырыпта өлең жолдары оқылып, көріністер қойылып, топтың дайындауындағы бейнеролик көрсетілді. Dim lights Embed Embed this video on your site
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Талғар аудандық жастар ресурстық орталығы мен Талғар жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен студенттер арасында волейболдан жарыс.![]() Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Талғар аудандық жастар ресурстық орталығы мен Талғар жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен студенттер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, тартысты сайыстан біздің колледждің құрама командалары: Ұлдар арасындағы сайыста— жүлделі І-ші орын; Қыздар арасындағы сайыстан —жүлделі ІІ-ші орынды жеңіп алды. Жеңімпаз командаларды жастар ресурстық орталықтың жетекшісі Замира Нұрланқызы Қалымбетова сыйлықтар және дипломдармен марапаттады. Тренерлеріміз Жулдыз Дюсембаева, Шапағат Аметханов және Беков Бақыт оқытушыларымызға алғысымыз шексіз! Біздің спорт сүйер студенттерімізді, колледж мақтаныштарын жеңістерімен құттықтаймыз! Жеңісті күнде жолыққанша!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің студенттері арасында ВОЛЕЙБОЛДАН турнир.![]() 2021 жылдың 29 қараша және 4 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің бірінші, екінші және үшінші курс студенттерінің арасында ВОЛЕЙБОЛДАН турнир өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша: 1 курстар арасында І орын-1 То и Рем 9 А; ІІ орын-1 Вет 9 А; ІІІ орын -1 Электрик 9 А; 2 курстар арасында І орын-2 То и Рем 9 А; ІІ орын -2 Зем 9 А; ІІІ орын -2 Тех 9 А; 3 курстар арасында І орын- 3 Зем 9 А; ІІ орын-3 То и Рем 9 А; ІІІ орын-3 Вет 9 А иеленді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында облыстық эссе және өлең байқауы.![]() Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен 02.11.21-13.11.21 аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында өткізілген эссе және өлең байқауына колледжімізден барлығы 4 (төрт) білім алушымыз қатысып, оның ішінде 1 Прог 9 В тобының білім алушысы Бутова Екатерина лауреат атанып, департамент тарапынан «Мадақтау қағазы» және сыйлыққа смарт сағатымен марапатталды.
|
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш.
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Қайырымдылық жылы жүректен» атты мерекелік кеш.
- Жалпы ата-аналар жиналысы.
- «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы.