- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 444 |
![]() | Кеше | 671 |
![]() | Бұл апта | 3277 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3277 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392334 |
Сіздің IP: 216.73.216.123
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-05 21:04
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында колледж директоры құттықтау сөзімен бастап, өз кезегінде оқу орнының қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысқан оқытушылар мен білім алушыларды «Алғыс хат» марапаттап өтті. Мерекелік кеш жас оқытушылармен білім алушылардың өнерлерін көрсетумен жалғасын тапты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Қайырымдылық жылы жүректен» атты мерекелік кеш.![]() «Самға -Н» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен колледж еріктілері, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің «TKAiM join me» атты студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Қайырымдылық жылы жүректен» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кеш барысында колледж оқытушылары мен білім алушылары өнерін ортаға сал отырып, басқа да өнер жұлдыздарымен бірлесе іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты.
Жалпы ата-аналар жиналысы.![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде ІХ-Х айлардың қорытындысы бойынша (студенттердің сабақ үлгерімі, қатысуы) жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 2021-2022 оқу жылының І семестрі бойынша тәрбие жұмысының есебін дайындап, колледж психологы жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, қатегездіктің алдын алу бойынша баяндамамен ата-аналарға таныстырып, бейнеролик көрсетілді.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы.![]() Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы аясында колледж білім алушыларымен «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Талғар аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПТ ОПИ полиция подполковнигі Тасыбаева Ханым Мехамедовна, полиция майоры Нұрметов Бауыржан Бақытжанович, Талғар аудандық Жастар саясатының әдіскері Серікбаев Жәңгірхан мен Жастар саясатының координаторы Андреева Дарья Сергеевна колледж білім алушыларына тың ақпараттармен бөлісіп, өз кезегінде ситуациялық көріністер көрсетіліп, талқыланды. Талқылау кезінде білім алушылар өз пікірлерін білдірді, кездесу соңында анонимді түрде сауалнама алынды.
«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы![]() Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!» акциясы аясында колледж білім алушыларымен «Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы «Халықаралық батыл айелдер» сыйлығының жеңімпазы, «Халық үні» жобасының авторы Айман Омарова және «Human rights lawyers» қорының президенті, «Ләззәт» атты кітабының авторы Ляззат Рақышева,сонымен қатар Есік гуманитарлық экономикалық колледжінің психологы, Қазақ психологтар қоғам мүшесі Хабаева Жеңіскүл Жапарханқызы колледж білім алушыларына тың ақпараттармен бөлісіп, өз кезегінде сұрақтарға жауаптар алынып, тақырып ауқымы кең көлемде түсіндірілді.
|