Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 787 |
![]() | Кеше | 811 |
![]() | Бұл апта | 787 |
![]() | Өткен апта | 5534 |
![]() | Бұл ай | 10936 |
![]() | Өткен ай | 14971 |
![]() | Барлығы | 1458000 |
Сіздің IP: 216.73.216.208
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-12-15 15:10
«Еңбек адамының бейнесі»
«Парасатты оқырман» жобасы аясында мамыр айында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің психологы Н.М.Калибасованың жетекшілігімен білім алушылар арасында Дулат Исабековтің «Гаухар тас» повесі бойынша «Еңбек адамының бейнесі» тақырыбында эссе жазу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың әдеби шығармалар арқылы еңбекке құрметін арттыру, еңбек адамының образын терең түсінуге жол ашу болды. Білім алушылар повестегі кейіпкерлердің еңбекқорлығын сипаттап, өз ой-пікірлерін шығармашылықпен жеткізе білді.






"Қауіпсіз жаз - 2025. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз "Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде АӘД пінінің оқытушылары А.Сайдуллин мен Е.Несіпбаев 1 курс білім алушылары үшін "Қауіпсіз жаз - 2025. Қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз " атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара білім алушыларға жазғы кезеңде жеке қауіпсіздікке жауапкершілікті қалыптастыруға, жазатайым оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Кездесу барысында суда, тұрмыста, жаппай демалу орындарында жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі сақтық шаралары талқыланды. Тәрбие сағат интерактивті түрде өтті, таныстырылым материалдары мен тақырыптық бейнероликтерді пайдалана отырып, ақпаратты жақсы меңгеруге және студенттердің талқылауға белсенді қатысуына ықпал етті.
«БІРЛІК. БЕЛСЕНДІЛІК. БОЛАШАҚ»10 маусым, 2025 жыл Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Шамалған ауылында Үшқоңыр су шаруашылық колледжінде «БІРЛІК. БЕЛСЕНДІЛІК. БОЛАШАҚ» тақырыбы аясында ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР СЛЕТІ өткізілді. Слеттің мақсаты: Облыстың үздік студенттерін анықтау, олардың мәртебесін арттыру, достық пен ынтымақтастықты нығайту, белсенділікке шақыру. Слетке Алматы облысының колледж директорлары, үздік студенттері қатысты.Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің білім алушылары Жақыпбай Данияр, Нұрлан Есен Бекжанұлы, Асқарбек Бекнұр, Жақсылық Тимур Алматы облыстық білім басқармасының басшысы С. Беспаеваның Алғыс хаттарын алды.
"Мемлекеттік рәміздер күні"2025 жылғы 4 маусымда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.. Іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жастар арасында танымал ету. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Индира Мәлікқызы Түкісбаева құттықтау сөз сөйледі. Шара аясында студенттер өнер көрсетіп, патриоттық әндер, Отан және мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды. Мерекелік атмосфера өз елі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге және жастар арасында патриоттық рухты нығайтуға ықпал етті. "Балаларды қорғау күні"2025 жылғы 2 маусым Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыру және топаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында балалар күніне арналған спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс жоспарға сай жоғары деңгейде өтті. Студенттер белсенділік танытып, жарысқа ұйымшылдықпен қатысты. Жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Кермеге тартылу (командалық есеп): Әр топтан екі қатысушыдан құралған командалық сайыс нәтижелері: 1 орын – 1 Прог А тобы 2 орын – 1 Прог В тобы 3 орын – 1 Зем В тобы Кермеге тартылу (жекелей есеп): 1 орын – Майданенков Павел (1 Прог В) 2 орын – Джаруллаев Саутжан (1 Зем В) 3 орын – Бейсен Марлен (1 Прог А) Ұзындыққа секіру (командалық есеп): 1 орын – 1 Зем В тобы 2 орын – 1 ТОиРЕМ В тобы 3 орын – 1 Бух А тобы Ұзындыққа секіру (жекелей есеп): 1 орын – Таиров Эмиль (1 Прог В) 2 орын – Қалибек Рамазан 3 орын – Бондаренков Максим (1 Зем В), Асиев Руслан (1 Зем В) Арқан тарту (командалық есеп): 1 орын – 1 Прог В тобы 2 орын – 1 Зем В тобы 3 орын – 1 ТОиРЕМ В тобы |
























