- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 382 |
![]() | Кеше | 671 |
![]() | Бұл апта | 3215 |
![]() | Өткен апта | 4638 |
![]() | Бұл ай | 3215 |
![]() | Өткен ай | 20225 |
![]() | Барлығы | 1392272 |
Сіздің IP: 216.73.216.123
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-09-05 18:02
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жанындағы, Жетісу адалдық алаңы жобалық кеңсе менеджері Ілияс Сайлаубайұлы колледж жас мамандары және білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында видеороликтер көрсетіліп, сұрақтарға жауаптар алынған болатын.
«Ұлттық теңге- ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты![]() 2021 жыл қараша айының он алтысы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге- ұлт мақтанышы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында видеороликтер көрсетіліп, білім алушылар «Теңге» тарихымен таныстыра отырып өнерлерін ортаға салды.
«Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың» тақырыбындағы дөңгелек үстел.![]() Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Туған жер тұғырың, туған ел қыдырың» тақырыбында мемлекеттің қалыптасуына және аймақтың дамуына жеке үлес қосқан, Талғар ауданының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің және «Халық мұғалімі» медалінің иегері, ақын-сазгер, Талғар ауданы тіл оқыту орталығының директоры Қамнұр Тәлімұлы колледж білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жастардың бойында Отанға, тілге деген құрметтерін қалыптастырып, рухтарын көтеру мақсатында ақыл-кеңестерімен бөлісті.
Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына - 33 жыл.![]() Қараша айының он бірі күні Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылғанына - 33 жыл толуына байланысты, Талғар аудандық Мәдениет үйінде өткізілген Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге колледж білім алушылары қатысып, бейбіт өмірдің қадірін түсінетін, жастардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ақыл-кеңестер айтылды.
«КҮЗГІ БАЛ» байқауы.![]() 2021 жыл қараша айының сегізі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің І,ІІ курс білім алушылары арасында «КҮЗГІ БАЛ» байқауы ұйымдастырылды. Топтар арасынан суырылып барлығы 9 команда, олар 1 Зем 9 А, 1 Электр 9 А, 1 Электр 9 В, 1 То и Рем 9 А, 1 Вет 9 А (еңбек), 1 Прог 9 В, 1 Бух 9 В, 2 Зем 9 А, 2 Электр 9 А топтарынан білім алушылар өнер көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша І орынды-1 Зем 9 А тобы, ІІ орын-2 Зем 9 А, ІІІ орын-1 То и Рем 9 А тобы иеленіп, қалған топтар номинацияларды қанағат тұтты.
|
- «Қазақтың Жамбылы адамзаттың Жамбылы» атты Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған әдеби – сазды кеші
- «Оқыту тренингтерін, жаттығу ойындарын ұйымдастыру және өткізу» және «Диалог жүргізу мәдениеті» тақырыбындағы семинар.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын пайдалану және орындау тәртібі.
- Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ.