- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 245 |
![]() | Кеше | 800 |
![]() | Бұл апта | 3710 |
![]() | Өткен апта | 3164 |
![]() | Бұл ай | 6138 |
![]() | Өткен ай | 18376 |
![]() | Барлығы | 1309206 |
Сіздің IP: 18.218.8.36
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-05-10 09:37
«Действия педагогического состава, обучающихся и обслуживающего персонала во время чрезвычайных ситуаций при землетрясении».

2024 жылғы 29 қараша күні Колледж студенттері мен қызметкерлерінің жер сілкінісі жағдайында қауіпсіздік шараларын орындауға дайындығын тексеру және эвакуация мен сапқа тұрғызу жылдамдығын бағалау мақсатында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Е.Д .Несіпбаевтың жетекшілігімен Жер сілкінісі жағдайында эвакуациялық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу сәтті өтті. Қатысушылардың қауіпсіздік ережелерін орындауға дайындығы қанағаттанарлық деңгейде болды. Педагогикалық ұжым, студенттер және қызмет көрсетушілер жиналған шеру алаңында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М Тукусбаеваға сейсмикалық оқу-жаттығудың нәтижелері туралы баяндады.
" Еңбек ардагері "![]() There are no translations available. 19 қараша 2024 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова колледжіміздің арнайы пән оқытушысы, ардагер Тукусбаев Болат Әшенұлының Қазақстан Республикасы Оқу Ағарту Министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлының қолынан алған " Еңбек ардагері " медалін салтанатты түрде колледж ұжымының алдында табыстап, гүл шоғын тарту етті.
"Сапалы білім беру - болашаққа лайық"![]() 2024 жылғы 22 қарашада "Сапалы білім беру - болашаққа лайық" Агротехникалық кафедрасының онкүндігі аясында, өндірістік оқыту шебері Маркашова Жансая Узакбаевна Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығының 2-3 курс білім алушыларымен «Мамандығым-мақтанышым» атты сайыс өткізді. "Шабыт" пен"Жеңіс" тобы 3 кезеңнің тапсырмаларын тиянақты орындап, жан-жақты дайындықтарын көрсете білді. "Жеңіс " тобы айқын басымдықпен алға шығып, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі Жингилбекова Салтанат Несипжановна бөлімнің онкүндігін осы сайыспен қорытындылап, аяқталғандығын жариялап, онкүндік аясында өткізілген шараларға белсене қатысқан білім алушыларды колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбековнаның Марапаттау қағаздарымен марапаттады.
Күн арнау![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің бірінші курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау рәсімі "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтарын қалыптастыру мақсатында " өткізілді. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова кешті салтанатты түрде ашып, сөз сөйлеп, колледж жетістіктері, колледждің білім алушыларға жасалып жатқан мүмкіндіктері туралы айта келіп, бірінші курс білім алушыларын терең білім мен өнегелі тәрбие алуға шақырды. Өнерпаз жастар би билеп, ән шырқап, күмбірлеген күй тартып, көрермендерге мерекелік көңіл -күй сыйлады. Әр топқа салтанатты түрде студенттік билеттері мен сынақ кітапшалары тапсырылды.
«Оқуға құштар колледж»![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ахметова Мария Маратқызы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Біз Абайды оқимыз, бағалаймыз» атты әдеби аукцион өткізді. Әдеби аукционға қатысқан 1 бағдарламашы 9 «А» тобы мен 1 Бухгалтер 9 «А» тобының білім алушылары 4 тур бойынша сайысқа түсті. Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша әр топ таныстырылым картасын жасап, өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқып, екі топ бір бірлеріне викториналық сұрақтар беріп, Абайдың әр қарасөзіне түсініктеме беріп, әндерін шырқап, бар өнерлерін ортаға салды. Айқын басымдықпен 1 бағдарламашы 9 «А» тобы жеңіске жетті. Аукционға қойылған Абайдың шығармалар жинағын ұтып алды. |