- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 351 |
![]() | Кеше | 755 |
![]() | Бұл апта | 3700 |
![]() | Өткен апта | 5213 |
![]() | Бұл ай | 3090 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1350252 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-05 12:36
"Жыл үздігі- 2024"

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 3 курс білім алушысы Жақыпбаев Данияр Талғар ауданы Әкімінің ұйымдастыруымен өткен "Жыл үздігі-2024" жастар сыйлығының "Үздік студент" номинациясының жеңімпазы атанып, Талғар ауданы Әкімі Т. Айдарбековтың Дипломымен марапатталды.
«Калашников автоматын ішінара бөлшектеу және құрастыру»![]() 2024 жылдың 17 желтоқсанында «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде»... тақырыбында Жалпы пәндер кафедрасының онкүндігі аясында Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Е.Д. Несіпбаев 1 Зем "А" тобының білім алушыларына «Калашников автоматын ішінара бөлшектеу және құрастыру»тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыруда алған теориялық білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізілді.
«Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші»![]() Алматы облысының Білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің облыстық Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи сабақ-педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» жобасы аясында «Шамшырақ» ашық сабақ шеруі бағдарламасы бойынша Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің арнайы пән оқытушысы Бакешова Айнұр Әскербекқызы 2 вет 9 «А» тобының білім алушыларымен « Жануарлар мен құстарға карантин және оқшаулау бойынша іс-шаралар жүргізу » модулінен « Жануарлар қаңқасының бөлімдері » тақырыбында онлайн форматта ютуб желісі арқылы тікелей көрсетілімде ашық сабағын өткізді.
«Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде ....»![]() 2024 жылдың 12 желтоқсанында Жалпы пәндер кафедрасының “Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде...» онкүндігі аясында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің жас маманы Жұмағали Аружан Айдынқызы 1 зем А тобының білім алушыларымен физикадан «Молекулалық-кинетикалық теория негіздері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. А.А.Жұмағалидың сабағында түсіндірмелі-иллюстративті, ішінара ізденіс, репродуктивті оқыту әдістерін қолданды, бұл сабақтың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға ықпал етті.
Алматы облысының әкімімен кездесу![]() 10 желтоқсан 2024 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова мен арнайы пән оқытушысы Білдебаев Талғат Нұрғожаұлы Алматы облысының Әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының қабылдауында болып, Динара Боларбекқызы Білім саласындағы көп жылғы адал еңбегі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері үшін Құрмет грамотасымен , Техникалық және кәсіптік білім беру саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін Талғат Нұрғожаұлы Алғыспен марапатталды.
|