- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 337 |
![]() | Кеше | 755 |
![]() | Бұл апта | 3686 |
![]() | Өткен апта | 5213 |
![]() | Бұл ай | 3076 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1350238 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-05 11:50
"Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде..."

2024 жылдың 10 желтоқсанында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде...» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ахметова А.К. құттықтау сөзімен ашылды. Онкүндіктің мақсаты: жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың білім қорын кеңейту және тереңдету және олардың құзыреттілігін қалыптастыру, білім алушылардың танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; оқытушылардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу. Әріптестерімізге шығармашылық табыс және барлық кәсіби идеяларының жүзеге асуына тілектеспіз.
«Действия педагогического состава, обучающихся и обслуживающего персонала во время чрезвычайных ситуаций при землетрясении».![]() 2024 жылғы 29 қараша күні Колледж студенттері мен қызметкерлерінің жер сілкінісі жағдайында қауіпсіздік шараларын орындауға дайындығын тексеру және эвакуация мен сапқа тұрғызу жылдамдығын бағалау мақсатында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Е.Д .Несіпбаевтың жетекшілігімен Жер сілкінісі жағдайында эвакуациялық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу сәтті өтті. Қатысушылардың қауіпсіздік ережелерін орындауға дайындығы қанағаттанарлық деңгейде болды. Педагогикалық ұжым, студенттер және қызмет көрсетушілер жиналған шеру алаңында директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.М Тукусбаеваға сейсмикалық оқу-жаттығудың нәтижелері туралы баяндады. " Еңбек ардагері "![]() There are no translations available. 19 қараша 2024 жылы Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова колледжіміздің арнайы пән оқытушысы, ардагер Тукусбаев Болат Әшенұлының Қазақстан Республикасы Оқу Ағарту Министрі Бейсенбаев Ғани Бектайұлының қолынан алған " Еңбек ардагері " медалін салтанатты түрде колледж ұжымының алдында табыстап, гүл шоғын тарту етті.
"Сапалы білім беру - болашаққа лайық"![]() 2024 жылғы 22 қарашада "Сапалы білім беру - болашаққа лайық" Агротехникалық кафедрасының онкүндігі аясында, өндірістік оқыту шебері Маркашова Жансая Узакбаевна Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандығының 2-3 курс білім алушыларымен «Мамандығым-мақтанышым» атты сайыс өткізді. "Шабыт" пен"Жеңіс" тобы 3 кезеңнің тапсырмаларын тиянақты орындап, жан-жақты дайындықтарын көрсете білді. "Жеңіс " тобы айқын басымдықпен алға шығып, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, кафедра меңгерушісі Жингилбекова Салтанат Несипжановна бөлімнің онкүндігін осы сайыспен қорытындылап, аяқталғандығын жариялап, онкүндік аясында өткізілген шараларға белсене қатысқан білім алушыларды колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбековнаның Марапаттау қағаздарымен марапаттады.
Күн арнау![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің бірінші курс білім алушыларын студент қатарына қабылдау рәсімі "Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында құндылықтарын қалыптастыру мақсатында " өткізілді. Колледж директоры Динара Боларбекқызы Бозымбекова кешті салтанатты түрде ашып, сөз сөйлеп, колледж жетістіктері, колледждің білім алушыларға жасалып жатқан мүмкіндіктері туралы айта келіп, бірінші курс білім алушыларын терең білім мен өнегелі тәрбие алуға шақырды. Өнерпаз жастар би билеп, ән шырқап, күмбірлеген күй тартып, көрермендерге мерекелік көңіл -күй сыйлады. Әр топқа салтанатты түрде студенттік билеттері мен сынақ кітапшалары тапсырылды.
|