- КОЛЛЕДЖ БӨЛІМДЕРІ
- ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҮРДІСІ
- ГАЛЕРЕЯ
- ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- ҚОСЫМША БІЛІМ
Авторландыру
Дауыс беру








![]() | Бүгін | 362 |
![]() | Кеше | 755 |
![]() | Бұл апта | 3711 |
![]() | Өткен апта | 5213 |
![]() | Бұл ай | 3101 |
![]() | Өткен ай | 22091 |
![]() | Барлығы | 1350263 |
Сіздің IP: 216.73.217.5
MOZILLA 5.0,
Қазір: 2025-07-05 13:01
«Колледждің жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы»

2024 жылдың 29 тамызында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Колледждің жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы» тақырыбында алғашқы Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес отырысын колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы ашып, ұжыммен амандасып, барша ұжым мүшелерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңестің жақсы дәстүрі колледжге келген жаңа қызметкерлерді таныстыру болды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Отырыста қабылдау комиссиясының қорытындысы шығарылып, алдағы оқу жылындағы басым міндеттер мен жұмыс бағыттары мен оқу-тәрбие базасын нығайту мәселелері белгіленді.
«Білікті маман-ұлт болашағы»![]() 2024 жылы 27 маусымда Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Білікті маман-ұлт болашағы» тақырыбы аясында колледж бітіруші түлектеріне арналған диплом беру рәсімінің салтанатты кеші өткізілді. Колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы алғашқы сөз алып, түлектердің колледжді сәтті аяқтауларымен құттықтап, болашақтарына ақ жол , кәсіби салада табысты болуларына игі тілегін білдірді. Тамылжыта ән шырқап, күмбірлеген күй тартып, мың бұрала би билеген өнерпаздар кеш қонақтарына, бітірушілерге, ата-аналарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Арнайы шақырылған кеш қонақтары , топ кураторлары, ұстаздар мен ата-аналар, бітіруші түлектер жүрек жарды ыстық лебіздерін білдірді. Бозымбекова Динара Боларбекқызы және арнайы шақырылған қонақтар бітіруші 11 топтың түлектеріне ДИПЛОМ дарын табыстады! Колледжімізден 2024 жылы түлеп ұшқан жас мамандарымызға АҚ ЖОЛ тілейміз!
Педагогикалық кеңес![]() 2024 жылдың 25 маусымында Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «Колледждің 2023-2024 оқу жылындағы оқу, ғылыми, әдістемелік, тәрбие жұмысының нәтижелері, мәселелері мен келешегі » тақырыбы аясында қорытынды Педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңеске қатысушыларды колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, ұжымды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, жазғы демалыстарын жақсы өткізулеріне тілектестігін білдірді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша * Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Узбекова А.К. «2023-2024 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның жұмысы» жайлы баяндама жасап, жылдық есебін берді. * Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тукусбаева И.М. Тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, жыл бойына белсенді жұмыс жасаған топ жетекшілері мен оқытушыларға алғысын білдірді. • Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Дүйсеқожа А.Қ. Ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша жыл жетістіктеріне, атқарылған жұмыстарға талдау жасап, қорытынды есебін берді. * Директордың басқару және даму жөніндегі орынбасары Айтбаев Ж.Е. Оқу-өндірістік жұмыс және жұмысқа орналастырудың нәтижелеріне тоқталып, алдағы атқарылатын міндеттерге баса назар аударды. * Колледждің әскери-оқу жаттығуларының жетекшісі Н.Дауытбаев «Терроризмге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар» туралы баяндама жасап, лаңкестікке , жер сілкінуге байланысты өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді. Колледж директоры Бозымбекова Динара Боларбекқызы профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысының қорытындысын шығара отырып, педагогикалық кеңесте әр саланың жұмыс нәтижелеріне жан-жақты талдау жасап, колледжді одан әрі дамыту, мәселелерді шешу жолдары туралы , алда тұрған міндеттер туралы тоқталды.
Педагогикалық кеңес соңында мұғалімдерге біліктілік санатының сертификаттары табыс етілді.
Қабылдау комиссия![]()
Демонстрациялық емтихан![]() Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 2023-2024 оқу жылында 07310300 – «Жерге орналастыру» мамандығы, 3W07310301 –«Сызушы» біліктілігі бойынша 10 бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау, кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында 2024 жылдың 18 маусым айында демонстрациялық емтихан басталды. Демонстрациялық емтихан - оқу өндірістік алаңдарында өткізіліп, білім алушыға игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік алу үшін, арнайы сараптама тобы құрылып, CIS ақпараттық жүйесі арқылы бағалау үрдісі жүргізілуде. Демонстрациялық емтихан форматындағы сертификаттық сынақтардан өткен түлектер мынадай мүмкiндiктер алады: * бiр уақытта бiлiм беру бағдарламасының даму деңгейiн растауымен бiлiм беру стандарттарына сәйкес WorldSkills халықаралық талаптарына сәйкес бiлiктiлiгiн растайды; * жеке кәсiби модульдер бойынша бiлiктiлiгiн растау үшiн жұмыс берушiлер тарапынан колледж бiтiрушілерінен жұмысқа орналасу туралы ұсыныс; * бiр уақытта орта кәсiптiк бiлiм туралы дипломмен бiрге WorldSkills стандарттарына сәйкес кәсiби құзыреттiлiк деңгейiн растайтын куәлiк.
|
- Балаларды қорғау күні
- Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде 2023-2024 оқу жылында 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, 3W07161303 – «Автомобиль көлігін жөндеу шебері», 3W07161301 – «Автомобиль жөндеу слесарі» біліктіліктері бойынша 97 бітіруші түлектердің қорытынды аттестаттау, кәсіби біліктілігін көрсету мақсатында 2024 жылдың 13 маусым айында демонстрациялық емтихан басталды.
- “Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу”
- «Сіз ЗАҢДЫ білесіз бе?»