- ОТДЕЛЕНИЯ КОЛЛЕДЖА
- УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
- ГАЛЕРЕЯ
- ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА
- ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
Авторизация
Голосования








![]() | Сегодня | 242 |
![]() | Вчера | 669 |
![]() | Эта неделя | 2404 |
![]() | Прошлая неделя | 4638 |
![]() | Этот месяц | 2404 |
![]() | Прошлый месяц | 20225 |
![]() | Всего | 1391461 |
Ваш IP: 216.73.216.2
MOZILLA 5.0,
Сейчас: 2025-09-04 08:45
«Ұстаздар - ұлы тұлғалар!»

Колледж жас оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ұстаздар - ұлы тұлғалар!» тақырыбында челендж түсіріліп, колледж ұжымына құттықтау ретінде жолданды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Dim lights Embed Embed this video on your site
«Қарттарым-асыл қазынам»![]() 1 қазан-Қарттар күніне орай «Самға -Н» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен колледж еріктілері, «TKAiM join me» («Бізге қосыл») атты студенттік парламент білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бірлесе отырып, «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында қарттарымызбен және мүгедек қарттарымызға қолқабыс еткен болатын. Атап айтқанда Талғар қаласында тұратын І топтағы мүгедек қарт Нурмахамбетова Майра апамыздың үй-жайын және І топтағы мүгедектер тұратын, барлығы сегіз тұрғын үй қамтылған «Зағиптар қоғамының» аумағын тазалауға көмектесіп, баталарын алып қайтты. Dim lights Embed Embed this video on your site
«Тіл-Тәуелсіздік тұғыры»![]() 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Қазақ тілі» қоғамымен тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тіл-Тәуелсіздік тұғыры» атты мерекелік кеш өткізілді. Жалпы 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж.), «Тіл саясаты туралы» Тұжырымдамасы (1996ж.) және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заң (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.
«Саналы ұрпақ» клубы![]() Қыркүйек айының жиырма төртінші жұлдызы, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жұмабаев Жандос Сағындықұлы және «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы Алматы облысы колледждерінің «Саналы ұрпақ» клуб белсенділерімен кездесу өткізді. Онлайн форматта өткізілген кездесуге колледжіміздің «Саналы ұрпақ» клуб жетекшісімен мүшелері қатысып, маңызды мәліметтер алды.
«Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турнирі![]() Қыркүйек айының 23-ші жұлдызында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Алматы облысының Жастар мәселелері басқармасымен бірлесе Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қазақстан халқы тілдері күні аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Алматы облысының жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж студенттерінің арасында «Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі» атты облыстық пікір-сайыс турниріне колледжіміздің «Dispute wise» пікір-сайыс клубының белсенді Оразәлі Таңшолпан Еділқызы және Майтен Аружан Қабыланқызы сынды білім алушыларынан құралған «Dispute wise» командасы белсенді өнер көрсетіп, үш ойынның екеуін жеңіспен аяқтаған болатын. Біз осындай облыстық деңгейде колледж мәртебесін көтеріп жүрген білім алушыларымызбен мақтанамыз, биіктен көріңіздер!!!
|