Авторизация
Голосования








![]() | Сегодня | 34 |
![]() | Вчера | 610 |
![]() | Эта неделя | 4208 |
![]() | Прошлая неделя | 5534 |
![]() | Этот месяц | 14357 |
![]() | Прошлый месяц | 14971 |
![]() | Всего | 1461421 |
Ваш IP: 216.73.216.33
MOZILLA 5.0,
Сейчас: 2025-12-20 01:36
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты"
"Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты Халықаралық қарттар күніне орай салтанатты шараға, өскелең ұрпаққа өнегелі істерімен, білім нәрімен сусындатқан, тәрбиелерімен үлгі болған қарт ұстаздарымыз 100 жылдық тарихы бар колледжімізге шақыртылып, сый - құрметке бөленді."Ақылды қария - ағып жатқан дария" деп тегін айтпаған. Асыл қарттарымыз- бәйтерек болса, біз содан тараған жапырақтарымыз. Қадірлі де, құрметті ғой әрқашан, Қарттар күні ұмытылмас ешқашан... Жүрейікші қарт кісіні аялап, Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап... Қайран қазақ қарттары, қадірменді, Сіздерге Алла биіктің бәрін берді, Мына әлемде таба алмас еш адамзат, Өздеріңдей білікті тәлімгерді....-, деген өлең жолдарын арқау тұтып, колледж басшысы Жақсылық Қасабекұлы қарт ұстаздарымызға жақсы тілегін арнап, денсаулықтарына амандық тіледі. Ұстаздарымыз бір- біріне жүрек жарды тілектерін жолдады. Осы орайда, атап айтатын жайт, 90 жастық мерейтойын атап өткелі отырған ардагер қарт ұстазымыз Мұхтар Қайырбекұлы жас ұстаздар мен тәлімгерлерге ақ бактасын арнады. Қарт ұстаздарға арналған отырыс, білім алшушылардың ән-биімен көркемделген мерекелік кешімен жалғасын тапты. Бүгінгі күн - кешегінің жемісі, ертегінің өркені. Еңсесі биіктеген еліміздің қанатын кеңге жаюы мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды....


2019-2020 оқу жылындағы білім алушылар саныТалғар агробизнес және менеджмент колледжінің 2019- 2020 оқу жылында мамандықтар бойынша қабылданған білім алушылар саны келесідей: 1. Мамандық: 1511000 «Жерге орналастыру», 1511012 «Сызушы», Оқу мерзімі-9 сынып 2жыл 10ай , Білім алушылар саны: 50. 2. Мамандық: 1226000 «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыруы» , 1226022 «Көкөніс тұздаушы», Оқу мерзімі-9 сынып 2жыл 6ай, Білім алушылар саны: 25. 3. Мамандық: 0902000 «Электрмен қамтамасыз ету» (салалары бойынша), 0902012 Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы, Оқу мерзімі-9 сынып 2жыл 10ай , Білім алушылар саны: 50. 4. Мамандық: 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», Оқу мерзімі-9 сынып 2жыл 10ай , Білім алушылар саны: 25. 5. Мамандық: 1513000 - «Ветеринария», 1513032 «Ветеринарлық санитар», Оқу мерзімі-9 сынып 2жыл 10ай , 11 сынып 2жыл 10ай , Білім алушылар саны: 47. 6. Мамандық: 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» (сала бойынша), 0518012 "Бухгалтер", оқу мерзімі-9 сынып 2жыл 10ай, Білім алушылар саны: 17.
Әлімжеттік - бұл әдепсіздік пе, әлде әдет пе?Бүгін, Талғар АПБ-ның ЖПҚБ ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Жармаханов Нұрлан Нұрманұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садвакасова Сауле Ануарбекқызы "Әлімжеттік: бұл әдепсіздік пе, әлде"ӘДЕТ"пе?" атты тақырыпта колледжіміздің 1,2,3 курс білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа алғашқы жолдауы!Қыркүйектің 2-сі күні Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы жолдауын жолдады. Осыған орай колледжіміздің мәдениет үйінде оқытушылар мен білім алушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауын бірге тамашалап, талқыланды. Тоқаев Қазақстан жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келе жатқанын атап өтті. "Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады. Осы уақыт ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды. Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық. Бұл жасампаздық пен ілгерілеу бейбітшілік пен келісім кезеңі болды. Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады", - деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Саналы ұрпақ - жарқын болашақ!!!2019 жылдың қыркүйек айының 1-і күні колледжімізде студенттер үшін алғашқы қоңырау соғылды. "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты тақырыпта мерекелік концерт өтті. Мерекеге колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар қатысты. Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылып, алғашқы құттықтау сөз колледж директорының орынбасары Бозымбекова Динара Боларбекқызына берілді. Салтанатты жиын барасында оқытушыларды, ата-аналарды және колледж табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 курс студенттерін 1-қыркүйек Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы - білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті. Студенттерге жаңа шындарды бағындыру жолында сенімділік, қайраттылық және жігерлілік, ал оқытушыларға шыдамдылық, шығармашылық құлшыныс тілейміз! Сонымен қатар топ кураторлары 1 курс студенттерін колледждің ішкі тәртіп ережесімен, оқу кестесімен, оқытушыларымен таныстырды.Студенттердің білім жолына басқан алғашқы тың қадамдарына сәттілік тілейміз!!!
|
























